Сабақтың тақырыбы Аллельді гендердің әрекеттесуі: толық және толымсыз доминанттылық белгілердің пайда болуы



бет1/2
Дата20.02.2020
өлшемі136,69 Kb.
#58525
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ашық сабақ 9сынып


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: М.Мәметова орта мектебі

Күні: 12.02

Мұғалімнің аты-жөні: Тойлыбаева Ш



Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Аллельді гендердің әрекеттесуі: толық және толымсыз доминанттылық белгілердің пайда болуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.4. Толық және толымсыз доминанттылықты салыстыру.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Толық және толық емес басымдықтың айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады.

Көпшілігі: Мысалдардың көмегімен аллельді гендерінің әрекеттесу түрлерінің ерекшеліктерін талқылайды.

Кейбірі: Толық және толымсыз доминанттылық мысалынан олардың бір-бірінен қаншалықты ерекшеленетіндігін саралайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Талдау

Бағалау критерийі


  • Толық және толымсыз доминанттылықты салыстырады.

  • Аллельді гендердің әрекеттесуін сәйкестендіре отырып, доминанттылық белгілердің пайда болуын есептеу арқылы дәлелдейді.

  • Толық пен толымсыз үстемдіктің нәтижелерін мен маңызындылығын талдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқылым: Толық және толымсыз доминанттылықтың ерекшеліктерін оқулықтан оқи отырып, мәтінді топпен, жұппен талдайды, сыныппен ойын бөліседі. Сыни пікірлерін білдіріп, мәтінді талдайды.

Тыңдалым: Аллельді гендердің әрекеттесуі жайында бейнеролик көріп, сол бойынша сұрақтарға жауап береді.

Айтылым: Оқушылардың бойында академиялық тілді қалыптастыру, сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс кезінде өз ойларын жеткізеді.

Жазылым: Сабақ барысында термин сөздермен, сызбалармен жұмысты дәптерге жазады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ген, аллель, гомозигота, гетерозигота, доминанттылық, толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Доминанттылықтың …………………. түрлері бар.

Мендель заңдылығына бағынатын доминанттылықтың түрі ……………, себебі …………………. .

Мендель заңдылығына бағынбайтын доминанттылықтың түрі ………………., себебі ………………….. .


Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құнлыдықтарын баулу:

– Биология пәнін оқып үйрете отырып оқушылардың білімін арттырып, болашаққа бәсекеге қабілетті, ойлау қабілеті жетілген жас ұрпақтың дамуына ықпал ету;

– Ынтымақтастық: сыныптастарының идеяларын құрметтеу;

– Жауапкершілік: сабақ кезінде өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.



Пәнаралық байланыс

Генетика – «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы»; селекция – «Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы».

Алдыңғы білім


9.2.4.2 - моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

9.2.4.3 - дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Оқушылармен амандасу.

Good afternoon children!

How are you?

Who is in duty today?

Who is absent today?

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы психологиялық жағымды ахуал тұдыру (Оқушылар шеңбер құрып жүректі ұсыну арқылы тілектерін білдіреді).

«Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

Б:өзін-өзі бағалау

«1,2,3» әдісі арқылы топқа бөліну.

Оқушылар үш тілде саналу арқылы, топқа бөлінеді.



«Суретті сөйлет» әдісі:

Оқу мақсатын және тақырыбын анықтауға арналған ширату жаттығуларын орындау.

Гүлдердің түстері қызыл және ақ, оларды будандастырғанда, қызыл енді бірінде қызғылт түсті болғанын байқалады.



+ =

+ =
Ой қозғау:

Берілген будандастыру түрінің қайсысы Мендель заңына сәйкес келмейді?

(Сұраққа жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды).
М: Олай болатын болса адамның бойындағы белгілер де, қасиеттер де кейде басымдылық көрсетіп, ендігі жерде аралық белгі көрсетеді:

Олай болатын болса жаңа сабағымыздың тақырыбы: Аллельді гендердің әрекеттесуі: толық және толымсыз.доминанттылық белгілердің пайда болуы

Мендель заңына бағынатын белгілер – толық доминаттылық, Мендель заңына бағынбайтын белгілер – толымсыз доминаттылық деп аталады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты оқушыларға көрсетіледі



Жүрек – махаббат символы

Жіп


Интербелсенді тақта

Слайд




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет