Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Отбасының адам үшін маңыздылығын туралы Сабақ мақсаттары



Дата04.07.2018
өлшемі247,95 Kb.
#47019
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп: №16 ЖОББМ

Күні: 04.04.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Р.М.Жайымбай

СЫНЫП: 9 «Б»

Қатысқандар

саны:


Қатыспағандар

саны:


Тақырыбы:

Адам және отбасы

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)



Отбасының адам үшін маңыздылығын туралы

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жеке, жұппен, топпен  жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды,   қорытындылайды, бағалайды.




Оқушылардың басым бөлігі: Берілген мәтін бойынша талдау жасап, өз пікірлерін айта алады.




Кейбір оқушылар: Өңделген мәтінмен жұмыс жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Тапсырмаларды дұрыс орындауға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Отбасы жарастығы, Отбасы бақыты.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер: айтылым, жазылым

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?

  • Отбасы қуанышы деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Алдыңғы тақырып

«Әдептілік адамгершілік бастауы»

Жоспар

Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы

«Сәлемдесу» жаттығуы.



Топқа бөлу:

Сабақта психологиялық жағымды ахуал орнату.

Қатысушылар жанында отырған көршісімен әр саусақтарын кезекпен түйістіріп, мына сөздерді айтып сәлемдеседі.



  • Барлық (бас бармақтарын түйістіреді);

  • кезде (балан үйрек);

  • сәттілік (ортан терек);

  • тілеймін (шылдыр шүмек);

  • Сізге (кішкентай бөбек);

  • Сәлем! (алақанмен).

түстер арқылы топқа бөлу

Түрлі түсті төртбұрыштар




Ортасы

«Аффирмация» – өзін-өзі сендіру



«Ойланайық, пікірлесейік» әдісі.

Әңгімелесу сұрақтары:

Мәтінмен жұмыс.

«Отбасы жарастығы» бейнеролик
З.Жұманова-

ның «Туған күн» мәтінімен Б.Блум таксономиясы бойынша төмендегідей сұрақтар мен тапсырмалар



Дәптермен жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.

Мен бүгін:

-өз Отаныма қуанышпен, мақтанышпен қараймын;

-өз Отаныма, өзіме деген сеніммен және сүйіспеншілікпен қараймын;

-өміріме парасаттылықпен қараймын, түсіністікпен қараймын;

-өз өміріммен жақсылық, теқ қана жақсылықтар күтемін;

-алға қойған мақсаттарыма қол жеткізе отырып, жауапкершілікпен қимылдаймын;

-Отаныма адалдық, сүйіспеншілік танытамын;

-еліме ерінбей еңбек етемін;

МЕН КЕРЕМЕТПІН...

Оқушылардың отбасында кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білуіне және баланың өз орнын анықтауына, туыстық қарым-қатынастарын дамытуға, отбасының адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына сұрақтар арқылы жетелеу.

- «Отбасы жарастығы», «Отбасы бақыты» деген ойларды қалай түсінесіз?

- Адам отбасындағы жарастыққа қалай қол жеткізе алады?

- Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата-анаңызбен еркін сыр бөлісе аласыз ба?

- Ата-анаңызды қуанышқа бөлеген кездеріңізді еске түсіріп айтып беріңіздер.

«Мен оны пір тұтамын»

Мәтінді талдау барысында отбасының сыйластығы, жарасымы, татулығы болуы үшін, ненің қажет екеніне басты назар аудартамын.

Оқушылар мәтінді оқып талдау барысында

отбасындағы жарасым негізі: «Сүйіспеншілік», «Махаббат», «Сыйластық» екенін оқушылардың ұғынуына бағыт беремін. Қосымша оқушыларға отбасының жарасымды болуы үшін адамдарға қандай қасиеттер қажет екенін түсіндіру.

Тақырып бойынша әңгімелесу сұрақтары:


  • Мұраттың отбасына түскен қиындықты жеңуіне не себеп болды?

  • Жақсы отбасы, адал жар болуы үшін адамға не қажет деп ойлайсыз?


Мазмұны

Сұрақтар

Тапсырмалар

Таным деңгейі

білу

Мәтінді оқып

есте қалай сақталғанын тексеру.



Әлібек неге іштей қатты ренжулі?

- анықтау,

- көрсету,

- белгілеу,

- еске


-түсіру,

- цитата


-келтіру,

- назар


-аудару

Төменгі

түсіну

Мәтіндегі ұқсастықты, айырмашылықты анықтау, салыстыру, нәтиженi суреттеу.


«Қазақстан тыныш, өмір сүруге жайлы мекен»

- суреттеу,

- сипаттау, анықтау,

- түсіндіру,

- ерекшелігін анықтау,

- әңгімелеп беру,

- салыстыру,

- айырмашы

лығын көрсету,

- ұқсастық

тарын келтіру.



Орта


қолдану

Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру.

Өзің бір нәрсеге ренжіген сәтте ата-анаңмен ашық сөйлесе аласың ба?

- қолдану,

- пайдалану,

- әңгімелеу,

- өмірде кездескен оқиғаларымен ой бөлісу,

- түйінді ой айту.


Орта


талдау

Мәтіндегі адамға жағымсыз және жағымды әсер ететін әр түрлі жағдайларды айқындау.

Әлібектің өз ренішінің орынсыз екендігін анықтау, түсiндiру.


-талдау,

- жіктеу,

- баға беру,

- түсіндіру,

- сынау,

- салыстыру,

- тексеру,

- талқылау,

- мәселені шешу,

- қорытындылау


жоғарғы


Шығармашы

лық


жұмыс.


«Қазақстан-2050» тақырыбына шағын

эссе, шығарма жазу.

Болашақты болжаған ойыңды дәлелде.


-құрастыру,

- жоспарлау,

- ұсыну,

- өзгерту,

- жинақтау,

-шығармашы

Лықпен орындау,

- ұйым


дастыру,

- дайындау


жоғары


бағалау

Әр бала өз ата-анасына ерекше ыстық, орны бөлек екенін, үлкендердің кей кездерде ескерту жасауы және ұрысуының өзі жақсы көргеннен екенін түсіне, пайымдай білу.

«Сiздiң ойыңызша Әлібектің ісі дұрыс па, бұрыс па? Бай болып өмір сүру маңызды ма, маңызды емес пе? Жақтайсыз ба? Қарсысыз ба?» деген пiкiрталас пен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асыру.

- ой түйіндеу

- бағалау,

- маңыздылы-

ғына қарап жіктеу,

- тексеру,

- салыстыру,

- сұрыптау,

- ұсыныс жасау,

-таразылау,

- шешу,

- жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру.

жоғары


«Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына геналогиялық тізбе жасауды ұсыну.

Өзіңнің ата-әжелеріңіз туралы шағын әңгіме жазу.



«Отбасының өнегесі-Отан өнегесі» деген Б.Момышұлының сөзін дәйек сөз ретінде қолдана отырып, оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту және олардың өз елін сүйе білу мен құрмет тұтудың адам өмірінде қандай орын алатынын әңгімелей келе, Б.Момышұлының Отан туралы сөздерін түртіп алу әдісмен жазып алу.

интер.


тақта,

бейне


ролик

А-3 формат, маркер, стикер

Б.Момыш-

ұлының суреттері,




Аяқталуы Тыныштық сәті:


Балалар, денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезіңіздер. Ал енді көздеріңізді ашуға болады.

Үйге тапсырмасы.

«Менің отбасым» тақырыбында шығарма жазу

Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы кері байланыс орнату











Қосымша ақпарат


Саралау.

Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?



Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық қасиеттер туралы әңгіме

Сіз


қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?




Бағалау. Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Әр баланың өз ата-анасына деген ыстық ықыласын білдіру негізінде



Пəнаралық байланыс.

әдебиет


АКТ-мен байланыс

Құндылықтар

дағы

байланыс: ұлттық патриотизм.



Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Сабақтың мақсаты шынайы болды. Себебі оқушылар отбасында бір-бірін аялап, кешіре түсіне білгенде, отбасында сүйіспеншілік орнайтындығын түсінді. Сабақ барысында мақсатты түрде тақырыпты толық меңгертуге жағдай жасадым. Сыныптағы ахуал барынша көңілді болды. «Сәлемдесу» жаттығуы барысында оқушылар арасында бір-біріне деген қарым-қатынасы нығайды. Топқа бөлу кезеңі сәтті өтті.

Сабақты өткізудегі алдыма қойған мақсатым мәтіннің мазмұнын талдау арқылы түсіну, мазмұндау болды. Жалпы сабақтың жоспары «Блум» таксономиясына негізделіп құрылды. Яғни білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Берілген тапсырмалар оқушылардың ойлау құрылымы бойынша оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамуын қалыптастырды. Себебі мәтіндегі берілген проблеманы шешу үшiн оқушылар берілген мәлiметтi қолданып, кездескен оқиғаларды сараптап, түйінді ойларын ортаға салып, пікірталас ұйымдастырды. Мәтіндегі кейіпкерді оқушылар өз орнына қоя отырып, өзінің жеке пікірін дәлелдей білді. Бұл стратегияны оқушылар қызығушылықпен орындады.

Оқулықтағы тапсырманы орындау барысында оқушылардың зерттеушілік, іздемпаздық қасиеттеріне, олардың жазу мәнеріне, ауыз екі сөйлеу, сөздік қорын дұрыс пайдалануына, сөйлемдердің мағынасының дұрыс құрастырылуына назар аудардардым. Бұл оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына әсер етті.

«Түртіп алу» әдісі кезеңінде оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту және олардың өз елін сүйе білу мен құрмет тұтудың сезімі қалыптасты. Себебі оқушылар өз Отаны, туған жері туралы мақтанышпен әңгімеледі. Оқушының оқу мен жазу, ойлауын дамыту, қиялын шарықтату сезімін оятуда, топтық жұмыс үрдісіне оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарып отырды. Бұл оқушылардың бір-бірімен ынтымақта жұмыс істеуінің нәтижесі екенін көрсетті. Осы жұмыс барысында оқушылар топпен жұмыс істеуге жаттыққанын аңғардым Сондықтан сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. топтық жұмыс

2. кері байланыс

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Мәнерлеп өлең оқуы

2.Оқушылардың зерттеушілік жұмысы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



«Bilim Land» kz. сайтынан бейне ролик жинақтау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет