Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет57/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
Жағдай эффектісі 
Хромосомаларының қайта құрылуының нәтижесінде – транслокация, инверсия
дупликация кезінде гендердің бір хромосомадан екінші хромосомаға орын ауыстыруы 
мүмкін. Көптеген жағдайда мұндай құбылыс организмнің фенотипінің өзгеруіне әсерін 
тигізеді. 1925 жылы американдықғалым А. Стертевант жеміс шыбынының көзінің 
формасына әсер ететін «Bar» -генінің өзгерген құбылысын тәжірибе жүзінде зерттеген. 
Егер екі «Bar» гомологиялық хромосомаларда орналасқан болса, онда әдеттегі геннің 
жағдайы бойынша көзіндегі фасет саны геннің локусының ауысуы жағдайына қарағанда 
көбірек болады. Осылайша генетикада «жағдай эффектісі» деген ұғым пайда болды.
Жағдай эффектісін зерттей келе хромосомалардағы гендердің ретінің өзгеруіне 
байланысты доминанттылық құбылыстың бәсендейтіні және мутацияның пайда болу 
жиілігінің өзгеретіндігі атап өтілді. Бір хромосомада орналасқан гендер бір- бірмен 
байланысты болып өзара қатынаста болады. Кез келген ген дискретті тұқым 
қуалаушылықтың бөлшегі бола отырып, өзінің әрекетін генотиптің тұтас системасында 
көрсетеді.табиғи және экперименталды мутагенезді зерттеудің нәтижесінде бағытты 
өзгергіштік алу проблемасын шешу алға қойылды.
Бағытталған мутагенез- хромосомалардың қайта құрылуының және олардың 
молекулалық структураларының өзгеруін, әртүрлі радияциялық, химиялық агенттермен 
әсер ете отырып, адамға қажетті өзгергіштік құбылысын алу процесін айтады.
Сібірдің Академия бөлімініңцитология және генетика институтында бұршақтың « 
Торедаг» деген сортына гамма сәулесінің 5 кроның, этиленнің 0,04 %, 
этилметансульфонаттың 0,1% 12 сағаттық экспозициямен әсер еткенкезде, биіктігі 
қысқарған /этилэминнен/,тез пісетін, өсімтал / этиленметансульфаттан/ өсімдік алған. 
Соныменен селекционер қажеті тұқым алу үші, алдына мақсат қоя отырып, мынандай 
мәселелерге көңіл қоюы қажет: 
1.
Сорттың генотипін білу. 
2.
Өзгерген генотиптің генетикалық табиғатын білу. 
3.
Мутагеннің түрін, дозасын білу. 
Жасанды мутагенез – химиялық агенттермен әсер ету нәтижесінде Совет елінде бірінші 
рет И. А.Рапопорт индукциялық мутацияның неізін салды. әсіресе сыртқы ортаға бейімді, 
тат ауруына төзімді, ауыл –шаруашылық бидайдың мутантты формаларын шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет