Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Дәріс 11. Өзгергіштік және оның жіктелуі



Pdf көрінісі
бет54/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Дәріс 11. Өзгергіштік және оның жіктелуі. 
Дәрістің мақсаты:
Кілтті сөздер:
Негізгі қарастырылатын сұрақтар 
1.Өзгергіштік және оның жіктелуі 
2. Генеративті және соматикалық мутациялар 
3. Үлкен /көрнекті/ және кішігірім мутациялар 
4. Тура және кері мутация 
 
Генетика тұқым қуалаушылықпен қатар өзгергіштік заңдылықтарын да зерттейді. 
Өзгергіштік дегеніміздің өзі организмнің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі яғни оның 
жаңа қасиеттерге ие болып немесе бұрынғы бойында бар қасиеттерден айырылу қабылеті. 
Организм фенотипінің дамуы оның тұқым қуалаушылығының негізі болып саналатын 
генотипі мен сыртқы орта жағдайында байланысты. Генотипі бірдей болғанымен түрліше 
орта жағдайларына дамуына байланысты организмнің белгілері мен қасиеттері әртүрлі 
болып қалыптасуы мүмкін. Және сонымен бірге организмде болатын толып жатқан 
белгілер сыртқы орта жағдайларының әсеріне бірдей жауап бере бермейді. Олардың 
біреулері сыртқы орта факторларының әсеріне өте көнгіш келеді, екіншілері шамалы ғана 
өзгереді, ал үшіншілерінде өзгеріс тым аз мөлшерде ғана болады. Мысалы сиырлардың 
сүттілігі олардың азығына және күтіміне байланысты. Талпқа сәйкес рацион қолданып 
қажетті мөлшерде азықтандыра отырып сиырдың сүтін молайтуға болады. Ал сүттің 
майлылығының сүттілікке қарағанда малдың азығына қорек және күтім жағдайларына 
байланыстылығы азырақ әрі сүттің майлылығы сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты 
қасиет, дегенмен де азық рационын жақсарта отырып оны да аздап өзгертуге болады. 
Анағұрлым тұрақты белгі – сиырдың түсі. Бірақ жүнінің түсі де даму жағдайларына 
мүлдем байланыссыз деп ойлауға болмайды. Кейбір сүт қоректілердің түсіне сыртқы 
қоршаған ортаның температурасы әсер етеді. Оны мысалы, қояндардың қысқы және 
жазғы маусымдарда түсінің өзгеретіндігінен көруге болады. Сонымен организмде 
болатын белгілер мен қасиеттер тұрақты түрде тұқым қуалайды. Олар сыртқы ортаның 
әсерінен өзгеріп, дамып отырады. Сол өзгергіштіктің нәтижесінде эволюция барысында 
жаңа биологиялық түрлер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет