Эссе Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет



Дата07.02.2022
өлшемі15,26 Kb.
#97246
Байланысты:
Эссе
апталық, апталық, СЫНЫП САҒАТЫ, СЫНЫП САҒАТЫ, 13. КТЖ Физика 9 сынып, Сабак жоспары, MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері, soch himiya 7cl kaz, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, 6 сынып ¦9, 6 сынып ¦9, 1 сынып буквы, 13 сабақ

Эссе
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әртүрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы.
Азаматтық қоғамды құру кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты болып табылады. Алайда, азаматтық қоғам ұғымы қарапайым халыққа таныс емес. Халықтың көпшілігі азаматтық қоғамда өмір сүріп жатырмыз деп ойлайды.Бірақ «азаматтық қоғам» ұғымы шартты сипатқа ие ұғым. Кез келген қоғам азаматтардан тұрады және де қоғамның азаматтарсыз өмір сүруі мүмкін емес.
«Азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді.Кеңестік кезеңде азаматтық қоғамның орнауына ешбір жағдай болмады. Алайда, бүгінгі мемлекеттердің басым бөлігі азаматтық қоғамды құруды мақсат етті.
Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде - бір ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді.Сонымен қатар, азаматтық қоғам қолданыстағы заңнамада да айқын көрініс таппаған.
Азаматтық қоғам идеясы алғаш рет Аристотельдің «Саясат» атты, Платонның «Мемлекет» атты еңбектерінде көрініс тапты. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді.Азаматтық қоғам ұғымы сол уақыт аралығанда қолданыста болмаған, себебі мемлекет пен қоғам біртұтас жүйе ретінде қарастырылып келген. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді.
Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек.
Азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Азаматтық қоғам - ашық, демократиялық, тоталитаризмге қарсы, өздігінен дамитын қоғам.Онда басты орынды адам, азамат, тұлға иеленеді.
Отбасы, меншік, тұлға, бостандық, құқық, рухани өмір, тәртіп, мемлекеттік азаматтық қоғамның іргелі құндылықтары мен негізгі бастамалары болып табылады.Бұл басымдылықтар барлық азаматтарды жаппай меншік иесі етуді білдірмейді,себебі, кейбіреулер мұны қаламауы да мүмкін, дегенмен әрбір тұлға үшін мұндай мүмкіндіктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Біздің қоғамдағы сәтсіздіктердің негізі азаматтық қоғамның жетілуімен және билік органдарының азаматтық қоғаммен ынтымақтастық орната алмауымен байланысты.Яғни, билік біресе қоғамды елемейді, біресе оған шамадан тыс қамқорлық жасайды.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті.
Жалпы құқықтық мемлекеттің негізгі екі қағидасын ажыратуға болады:
1.Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
2.Мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін қалыптастыру және құқықтың көмегімен мемлекеттік билікті тежеу.
Құқықтық мемлекеттің негізгі идеясы- азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара басқарушылықпен айналысуы. Ол мемлекеттің билікке деген монополиясын шектеп, мемлекет пен қоғам бостандығының арақатынасында қоғам мен жеке тұлғаға басты орынды тиесілі етеді.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
В.А.Четвериии өз сөзінде құқықтық мемлекет идеясына шынайы көзқараспен қарау қажет, себебі, шын мәнінде, саяси билік әрқашан құқықтық шеңберден шығуға ұмтылады және бұл жағдайда «құқықтық мемлекет» идеалды сипатқа ие болды.
Бүгінгі таңда құқықтық мемлекет конституциялық қағида, ұран сипатына ие және ол әлі әлемнің бірде – бір мемлекетінде толғымен көрініс тапқан жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет