Қазіргі әлемде адамдардың көпшілігі үлкен қалаларда тұрады. Шағын қалалар жыл сайын өсіп келеді, ауыл халқы азайып барады. Адамдар мүмкіндіктер іздеп,мегополистерге көшуде.Үлкен қалалардағы өмір өзгеше және ол адамдның рухани өміріне көптеген өзгерістер алып келеді.Бұл туралы біз неміс социологы Георг Зиммельдің “Үлкен қалалар және рухани өмір”атты шығармадан көре аламыз. Егер шағын қалада өмір сүріп жатқан тұлғаны үлкен қала тұрғынымен салыстырсақ,олардыөмір салтындағы,қоршаған ортаны қабылдауында,жанындағы адамдармен қарым-қатынастары ерекшеленеді.Оның басты себептері ретінде дамыған қаладағы прогресс,зымырап өтетін уақыт,ақша шаруашылығы,енжарлық,адамдар арасындағы қарым-қатынастар және тұрғындардың тұйықтығы болып табылады.Георг Зиммель өз эссесінде осы себептерге тоқталып өткен. Зиммель қала өмірінің «зорлық-зомбылық ынталандыруларына» ерекше назар аударады - адамдардың қуатын азайтатын әсерлердің жылдам және үздіксіз ауысуы. Бұл стимулдардың шиеленісуі Зиммельдің шағын қала өмірімен қарама-қайшы келетін қалалық «интеллектуалдық сипатын» дамытады.Зиммель қалалардағы адамдар өзгермелі жағдайларға жиі бейімделе алуы керек, сондықтан олардың сезімдері ешқашан консервативті ортадағы адамдарға қатысты емес деп санайды.Мен шығармадағы Зиммельдің ойы мен анализдерімен толықтай келісемін.Мегаполистердегі күнделікті өмір және оның элементтері адам психологияся мен рухани өміріне үлкен ықпал етуде.Әр түрлі психологиялық жағдайларға бейімделген үлкен қала тұрғынының жүйке жүйесі нығаяды. Қала тұрғыны эмоционалды түрде әрекет етудің орнына, ең алдымен, ұтымды түрде әрекет етеді, осылайша сананың күшеюі арқылы психикалық басымдық жасайды, ол өз кезегінде ұяңдық тудырады. Осылайша, қала тұрғындары жүректерімен емес, бастарымен әрекет етеді және басқаларға араласпайды. Негізінде, бұл қаладағы өмір сүру жағдайлары әдеттегі өмір салтының, өмірді үлгі ететін терең қалыптасқан дәстүрлердің дамуына кедергі келтіреді,адамдарға барлық нәрсені терең сезінуге мүмкіндік береді, өйткені күнделікті оқиғаларға ұтымдыжауап беру қазірдің өзінде кодталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды.Бұл Зиммель көрсеткен ауыл,шағын қала тұрғынымен салыстырғандағы үлкен қала тұрғынының өмір сүру жолы. Екіншіден, Зиммель метрополияда «ақша экономикасы» жүйесінің дамығанын және әлеуметтік жанжал туғызатынын мойындайды. Ендігі қоғам өзгерісі табиғатпен тіршілік ету үшін күресті адамдар арасындағы пайда үшін күреске айналдырады. Өндіруге, өз еңбегін сатуға және бір уақытта қала өмірінің өлшемдерінде оның жеке басын көрсету қиындықтарына төтеп беругетырысу эмоционалды салық болып табылады.Сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас пен олардың өздерін ұстауында да айырмашылықтар бар.Индивидтар арасындағы қарым қатынас таза іскерлік сипатқа ие.Шығармада көрсетілгендей,қала тұрғындарының ауыл тұрғындарынан бірден бір айырмашылығы,олар пайда табу мақсатында өмір сүріп өздеріне қоршаған ортасын білу деген мақсат қоймайды.Зиммель олардың тұйық,әрі болуы немқұрайлы болуы эмоциональды шаршаумен күресу деп есептейді,яғни үлкен қалаларда ауыл секілді тұрғындардың барлығы дерлік бір-бірімен таныс болып,араласатын болса ,адам психологиясына өте үлкен жүк болатын еді.Тұйықталу,өзін қөғамнан бөлек ұстауы,индивидқа бостандық береді.Ал жекелік үшін күрес үлкен қала өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі.Мегополисте максималды еңбек бөлінісі жағдайында өмір сүру үшін адамдар бір-бірімен жеке пайдасыннығайтуға ұмтылады,қажет және қажетті болу үшін белгілі бір қызметтерге маманданады.Осындай іс әрекеттер әсерінен көпшілігі өз ерекшеліктерін жоғалтуда. Барлық элементтердің бір-біріне ұқсауы,өзгерістердің,өмірдегі тосын жағдайлардын болмауы табиғаты Нишце,Рескин секілді белгілі тұлғаларда үлкен қалаларды ұнатпауына себеп болған. Қорытындылай келе,мен адамның өмір сүру ортасыны оның рухани өміріне қандай да бір өзгерістер алып келетінін айтқым келеді. Қаланың жанды өмірінің тынымсыз механизмінің бір бөлігі бола отырып, адам инфрақұрылымның өзі адамды қалай өзгертсе, инфрақұрылымды да өз қажеттіліктеріне сай өзгертеді. Шығармада айтылғандай үлкен қалаларда тұрудың жағымсыз жақтары болғанымен,үлкен қаланың біздің дамуымызда алар орны орасан зор.