Керi шағылыстыруда
F
1
-дегi аналықтары әкесiнен қызыл көздiлiктi анықтайтын
доминантты аллелi бар Х-хромосомасын, ал анасынан ақ көздiлiктi анықтайтын рецессивтi аллелi
бар екiншi Х-хромосомасын алады да, қызыл көздi болады.
F
1
-дегi аталықтары анасынан ақ
көздiлiктi анықтайтын рецессивтi аллелi бар жалғыз Х-хромосоманы, ал аталықтан ұқсас гендерi
жоқ У-хромосоманы алады, сонда жалғыз Х-хромосомадағы рецессивтi ген ақ көздiлiктi
анықтайтындықтан аталық ұрпақтар тегiс ақ көздi болады.
Аталық жыныстары гетерогаметалы болып келетiн дрозофилада және басқа да
организмдерде жыныспен тiркескен көптеген гендер дәл осылай тұқым қуалайды. Осындай
гендердiң бiр қатары адамда да белгiлi. Адамда болатын ондай рецессивтi гендерге, мысалы,
дальтонизм (қызыл-жасылды ажырата алмау), гемофилия (қанның ұйымауы)
гендерi жатады.
Адамда аталық жыныстары гетерогаметалы болғандықтан, ол гендер тек ер адамдарда ғана
кездеседi, олармен тек ер адамдар ғана ауырады. Әйелдер гомогаметалы болғандықтан, бұл
аурулармен ауырмайды, олар тек сол гендердiң гетерозиготалы тасымалдаушысы ғана болады.
Мысалы, гемофилиямен ауырғандар көбiнесе жас кезiнде өледi, сондықтан
гемофилик -
еркектер
бiрен-саран болмаса, тұқым қалдырмайды. Ауру ұрпақтан ұрпаққа гетерозиготалы
әйелдер арқылы берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: