Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Жынысқа тәуелдi және жыныспен шектелген белгiлердiң тұқым қуалауы



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
Жынысқа тәуелдi және жыныспен шектелген белгiлердiң тұқым қуалауы 
Жыныс белгiлерiн анықтайтын гендердiң тек жыныс хромосомаларында ғана емес, 
олардың аутосомаларда да болатындығы жоғарыда айтылды. Жыныспен тiркесе тұқым қуалайтын 
белгiлердiң гендерi Х-хромосомаларда болғанмен, жынысты анықтауға олардың тiкелей қатысы 
жоқ болуы мүмкiн. Мұндай белгiлерге мысалы, дрозофилада - көздiң ақ түсi, дененiң сары түсi; 
тауықтарда - қауырсындарының түсi; адамда - гемофилия, дальтонизм гендерi және т.б. жатады. 
Аталған белгiлер жынысқа тәуелдi белгiлер, олар жыныспен тiркесе түқым қуалайды.
Сонымен қатар тұқым қуалауда 
жыныспен
шектелушi
белгiлер
де болады. Ондай белгiлер 
аутосомалық гендермен де, сол сияқты жыныс хромосомаларында орналасқан гендермен де 
анықталады. Жыныспен шектелушi белгiлер тек бiр ғана жыныста көрiнедi немесе әр жыныста 
әртүрлi көрiнедi. 
Қойларда мүйiздердiң дамуы аутосомадағы доминантты ген 
H
, ал мүйiздердiң болмауын 
оның рецессивтi аллелi 
h
анықтайды. Бiрақ бұл ген тек аталықтарында ғана доминанттылық 
көрсетедi, ал аналықтарында ол рецессивтi болады. Сондықтан гетерозиготалы аталықтары 
Hh 
мүйiздi, ал гетерозиготалы аналықтары - мүйiзсiз болады. 
H 
генiнiң 
h
аллелiне доминанттылық 
етуi аталық жыныс гормонына тәуелдi екенi анықталды, сондықтан гетерозиготалы 
аналықтарында ондай гормондар болмауына байланысты мүйiз болмайды. 
Мүйiздi iрi қара малдарындағы сүттiлiктi, сүттiң майлылығын, сол сияқты тауықтардағы 
жұмыртқалағыштық қасиеттерiн анықтайтын гендер аналықтарында да, аталықтарында да бар, 
бiрақ, әдетте, ол тек аналықтарында ғана көрiнедi. Бұл гендердiң аталықтарында бар екендiгi тек 
олардың аналық ұрпақтарының өсiмдерiн зерттеу арқылы ғана табылды. 
Ер адамдардағы қасқа бас болу да осылайша тұқым қуалайды. Қасқа бас болу генi 
аутосомада орналасқан, ер адамдарда ол доминантты, ал әйел адамдарда рецессивтi болады. 
Сондықтан бұл ген бойынша гетерозиготалы ер адамдарда қасқа бас белгiсi көрiнедi, ал әйел 
адамдарда көрiнбейдi. Тiптi гомозиготалы жағдайда да, бұл ген ер адамдарға қарағанда әйел 
адамдарда әлсiз көрiнедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет