Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет44/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
 
Негізгі қарастырылатын сұрақтар 
1 Тiркесе тұқымқуалау құбылысының ашылуы 
2 Тiркесу топтары. Кроссинговер 
3 Алмасудың мөлшерi және гендердiң хромосомада тiзбектеле орналасуы 
4 Қос және көптiк кроссинговер 
5 Кроссинговердiң цитологиялық дәлелдерi 
6 Кроссинговердiң механизмдерi. 
7 Мейоздық кроссинговер және митоздық кроссинговер 
8 Тең емес кроссинговер 
9 Кроссинговерге әсер етушi факторлар 

1 Тiркесе тұқымқуалау құбылысының ашылуы 
Г.Мендельдiң белгiлердiң тәуелсiз тұқымқуалау заңына сәйкес - егер будандастырылатын 
дарабастардың екi немесе бiрнеше жұп аллельдерiнде айырмашылықтар болатын болса, онда әрбiр 
жұп аллельдердiң тұқымқуалауы бiр-бiрiне тәуелсiз түрде жүредi. Әртүрлi гендердiң осылай 
тәуелсiз таралуы мейоз кезiнде аталық және аналық хромосомалардың әртүрлi жұптарының бiр-
бiрiне тәуелсiз түрде түрлi полюстарға ажырауына негiзделген. Егер дигибрид 
AaBb
болса, яғни 
олардағы екi жұп аллельдер әртүрлi хромосомаларда орналасса, онда 
A-a
және 
B-b
аллельдерi 
жыныс клеткаларында бiр-бiрiне тәуелсiз таралады және 
F
2
-де фенотип бойынша ажырау 9 : 3 : 3 : 
1 қатынасындай болады. Осындай қос рецессивтi дигибридтi талдау жасау үшiн будандастырғанда 
алынатын ұрпақтартың фенотиптерiнiң арақатынасы 1 : 1 : 1 : 1 тең болады.
Ендi гендердiң екi аллельдi жұбы 
Aa
мен 
Вb
екi әртүрлi хромосомаларда емес, 
хромосомалардың бiр ұқсас (
гомологты
) жұбында ғана болады делiк. Бiрiншi ұрпақтың 
гибридтерiн өзара будандастырғанда 
ab
AB
х
ab
AB
, генотипi бойынша 
F
2
-де 1
AB
AB
: 2
ab
AB
: 1
ab
ab
болып 
ажырайтындығын байқаймыз. Егер 
F
1
-дегi гибрид өсiмдiк талдаушы ретiнде будандастырылса: 
ab
AB
х 
ab
ab
, онда F
2
ұрпағында ажырау 1 : 1 : 1 : 1-ге емес 1 : 1 қатынасындай болып шығады (2 
ab
AB
: 2 
ab
ab
), яғни еркiн, тәуелсiз комбинациялану жағдайында болатын төрт түрлi фенотиптiк кластар 
байқалмайды. Бұдан шығатын қорытынды, бiр жұп ұқсас хромосомаларда болатын гендер 
ұрпақтарға ажырамаған күйiнде берiледi, яғни бiрiгiп тұқым қуалайды, себебi олар гаметогенез 
кезiнде бiр гаметада қалады, ал олардың 
F
a
және 
F
2
ұрпақтарының белгiлерi ата-аналарының 
формалары сияқты комбинацияда болады.
Белгiлердiң тәуелсiз комбинациялану заңының бұзылуын ең алғаш рет 1906 жылы 
У.Бетсон және Р.Пеннет анықтады. Хош иiстi бұршақтың әр түрлерiн будандастыра отырып олар 
дигибридтi будандастыру кезiнде екiншi ұрпақта белгiлердiң ажырауынан күтпеген, өзгеше 
сипаттағы арақатынасты байқады. Қара қошқыл гүлдi тозаңы ұзынша келген (
RRLL
) өсiмдiктi 


қызыл гүлдi тозаңы дөңгелек (
rrll
) өсiмдiкпен будандастырғанда F
1
-де қарақошқыл гүлдi, тозаңы 
ұзынша келген (
RrLl
) өсiмдiктер алынған. F
1
-дегi гибридтердi өздiгiнен будандастырғанда F
2
-де 
мынандай ажыраулар болған: 
Қарақошқыл гүлдi, тозаңы ұзынша (
R-L-
)
- 4831 (69,5%), 
Қарақошқыл гүлдi, тозаңы дөңгелек (
R- ll
)
- 390 (5,6%), 
Қызыл гүлдi, тозаңы ұзынша
(
rr L-
)
- 393 (5,6%), 
Қарақошқыл гүлдi, тозаңы ұзынша
(
rr ll
)
- 1138 (19,3%). 
Бұл белгiлерден ажырауға тиiстi барлық төрт фенотиптiк кластардың да алынғандығын көруге 
болады, бiрақ та олар белгiлердiң тәуелсiз тұқымқуалауы кезiндегi дигибридтi будандастыруға тән 
9 : 3 : 3 : 1 қатынасындай емес. Кейiнiрек мұндай ажыраудың, егер F
1
-дегi будандардан төрт түрлi 
гаметалардың түзiлуi бiрдей жиiлiкте жүрмесе ғана жүзеге асатындығы анықталды. Олай болса, 
зерттелген гендер аллельдерiнiң (
RL
және 
rl
) ата-аналық үйлесiмi негiзiнен бiр ғана гаметаның 
үлесiне тиедi және бұл жағдайда олардың жаңа рекомбинантты үйлесiмдерi 
rL
және 
Rl
өте сирек 
кездеседi. Бұл құбылыс кейiнiрек 
гендердiң тiркесуi 
деп аталынды.
Бұл құбылыстың мәнiн түсiну мүмкiндiгi тек тiркесудiң материалдық негiзi хромосома 
екендiгiн дәлелдейтiнi Т.Морган зерттеулерiнен кейiн ғана туды. Хромосомалар клетканың 
редукциялық бөлiнуi кезiнде өз алдына жеке материалдық және функциональдық бiрлiк болып 
есептелiнедi және гендер деп аталатын материалдық бөлшектердi алып жүрушi болып саналады. 
Олай болса, бiр хромосомада шоғырланған барлық гендер бiр-бiрiмен тiркеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет