Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

CCSS
) тұқымы бұдырлы боялмаған 
өсiмдiк (
ccss
) будандастырылған. Тұқымының тегiстiгi (
С
) мен бояуы (
S
) доминантты белгiлер, 
сондықтан бiрiншi ұрпақта барлығы да боялған тегiс тұқымды (
CcSs
) болады. 
Осындай тұқымдардан өсiп шыққан өсiмдiктер рецессивтi (ақ түстi бұдырлы) дарабастармен 
будандастырылған: 
cs
CS
х
cs
cs
. Сонда алынған ұрпақтың төмендегiдей сандық арақатынаста төрт 
түрлi тұқымдарының болатындығы байқалған:
Боялған тегiс
(
cs
CS
)
- 4032 
Ақ түстi бұдырлы 
(
cs
cs
)
- 4035 
Боялған бұдырлы 
(
cs
cS
)
- 152 
Ақ түстi тегiс
(
cs
Cs
)
- 149 
Басқаша айтқанда, бастапқы екi түрдiң тұқымдары олардың барлық сандық мөлшерiнiң 
96,4%-iн, ал тұқымдарының қалған екi тобы (кроссинговердiң нәтижесiнде пайда болған) 3,6%-iн 
құрайды. Бұл тәжiрибенiң нәтижесi, шындығында гендер тiркесуiнiң бар екендiгiн, бiрақ кейде 
кроссинговердiң салдарынан оның аздаған мөлшерде өзгеретiндiгiн, яғни мейоз кезiнде ұқсас 
гомологты хромосомалардың арасындағы бiркелкi бөлiмдерiнiң алмасатындығын көрсеттi. Ұқсас 
гомологты хромосомалардың бiрдей бөлiмдерiнде орналасатын гендер олардың бiреуiнен 
екiншiсiне ауысып отырады.
Гендер тiркесуi мен кроссинговерге мысал ретiнде Т.Морганның тәжiрибесiн де келтiруге 
болады. Дрозофила шыбынының денесiнiң қара түсiн бақылайтын ген 
black
деп аталады және ол 
b
әрпiмен белгiленедi. Оның доминантты аллелi - 
b
+
.
Рецессивтi 
vg
(
vestigial
) генi гомозиготалы 
жағдайда қанатының жетiлмегендiгiне (тұқыл қанат) әкеп соғады. Оның доминантты аллелi - 
vg
+
қанаттарының дұрыс жетiлуiн бақылайды. Денесi қара қанаты жетiлмеген шыбынды, денесi сұр 
қанаттары қалыпты шыбындармен будандастырғанда 
vg
 
b
vg
 
b
x




vg
 
b
vg
 
b
F
1
-де осы гендер бойынша 
дигетерозиготалы дарабастар алынған: 
vg
 
b
vg
 
b


. Кейiннен екi түрлi талдаушы будандастыру 
жүргiзiлген: бiреуiнде дигетерозигота аталық, екiншiсiнде аналық болған. Егер гибрид аталықтар 
екi гендер бойынша да рецессивтi аналықтармен будандастырылса, яғни талдаушы будандастыру

vg
 
b
vg
 
b


х ♀
vg
 
b
vg
 
b
жүргiзiлсе, онда ұрпағында жынысына ешқандай байланысы жоқ екi түрлi 
шыбындар алынады, яғни шыбындардың 50% қара денелi қанаттары жетiлмеген (
vg
 
b
vg
 
b
), ал қалған 


50% екi белгi бойынша да қалыпты (


vg
 
b
vg

b
) болады. Мұндай ажырау осы дигибридтiң ата-
анасынан берiлген аллельдердiң негiзiнде тек екi сортты ғана гамета түзетiндiгiн (
b
+
 vg
+
және 
b vg

көрсетедi. Тәжiрибе жүзiнде дрозофила шыбынының аталықтарының аутосомаларында және 
жыныстық хромосомаларында да қалыпты жағдайда гомологты хромосомалардың бөлiм 
алмастырмайтындығы анықталды. Сондықтан талдаушы будандастырудың бұл түрiнде 100% 
жағдайда зерттелген гендер бойынша тек ата-анасына сай келетiн гаметалар түзiлген. Бұдан бiз бiр 
жұп 
гомологты 
аутосомаларда 
болатын 
гендердiң 
толық 
тiркесетiндiгiн 
көремiз. 
Дигетерозиготалы аналықты екi рецессивтi гендер бойынша гомозиготалы талдаушы (анализатор) 
аталықпен реципрокты будандастырғанда ұрпақтың болуға тиiстi төрт түрi де көрiнiс бередi. 
Белгiлердiң ата-аналық комбинацияларынан басқа, ұрпағында шыбындардың жаңа түрлерi - қара 
денелi қалыпты қанатты (
b vg
+
) және сұр денелi қанаттары жетiлмеген (
b
+
 vg
) пайда болады. Олай 
болса, бұл будандастыруда гендер тiркесуi бұзылады. Гомологты хромосомалардағы гендер 
хромосомалардың айқасуына байланысты орын алмастырады. Кроссинговерге ұшыраған 
хромосомалары бар гаметалар 
кроссоверлi
, ал кроссинговерге ұшырамағандар 
кроссоверлi емес
деп аталады. Ажырауға талдау жасау кезiнде, екiншi будандастыруда кроссинговер жағдайында 
әртүрлi класты дарабастардың белгiлi бiр сандық ара қатынаста болуы өзiне көңiл аудартады. 
Кроссоверлi емес гаметалардан пайда болған бастапқы ата-аналық белгiлердiң екi комбинациясы 
талдаушы будандастырудың нәтижесiнде алынған ұрпақта сан жағынан алғанда тең (41,5%) болып 
шығады. Сонда ата-анаға сай келетiн кроссоверлi емес гендердiң 
b vg
және
b
+
 vg
+
жиынтығы 83% 
құрайды. Ал жаңа комбинациялар, яғни 
b vg
+
және 
b
+
 vg 
рекомбинациялары 17% құрайды.
Басқа тәжiрибеде ата-аналар ретiнде дәл сондай белгiлерi бар, бiрақ басқа үйлесiмдiлiктегi 
шыбындар алынған: қара денелi қалыпты қанатты (


vg
 
b
vg
 
b
) шыбынды, сұр денелi қанаты 
жетiлмеген (
vg
 
b
vg
 
b


) шыбынмен будандастырған. Содан кейiн қайтадан екi түрлi талдаушы 
будандастыру жүргiзiлген. Бiрiншi будандастыруда 
F
1
-дiң аталықтары, екiншiсiнде 
F
1
-дiң 
аналықтары пайдаланылды. Екеуiнде де олар қос гомозиготалы рецессивпен (
vg
 
b
vg
 
b

будандастырылған. Сонда қайтадан, талдаушы будандастыру кезiнде ата-аналық және 
рекомбинанттық белгiлердiң арақатынасы бұрынғыдай болып шыққан. Егер 
F
1
-дегi аталықтар 
алынса, онда белгiлердiң тек қана ата-аналық комбинациясы, ал егер 
F
1
-дегi аналықтарды алса, 
онда 83% ата-аналық және 17% рекомбинациялық белгiлер байқалады, яғни белгiлердiң үйлесiмi 
алғашқы тәжiрибедегiдей ара қатынаста болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет