Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

4 Қос және көптiк кроссинговер 
Кроссинговер гомологты хромосомалар жұбының бiр немесе бiрнеше нүктелерiнде 
қатарынан бiр мезгiлде пайда болуы мүмкiн. Бiр хромосомада үш жұп аллельдерi 
А-а

В-b
және 
С-
с
бар үшгибридте 
abc
ABC
болатын кроссинговердi алып қарайтын болсақ 8.4-суретте көрсетiлгендей 
айқасу 
А-а
және 
В-b
немесе 
В-b
және 
С-c
локустарының арасындағы бөлiмшелерде, не болмаса екi 
бөлiмшелердiң екеуiнде де бiр мезгiлде болуы мүмкiн. Мұндай жағдай 
қос кроссинговер
деп 
аталады. Нәтижесiнде сегiз түрлi гаметалар түзiледi (2
3
= 8). Бұл гаметалардың (
АВС, аbс, аВС, 
Аbс, АВс, аbС, АbС, аВС
) түзiлуiнiң салыстырмалы жиiлiгi локустардың ара қашықтығына 
байланысты болады. Бiрақта, әрбiр жеке нақты жағдайды алғанда гаметалардың кроссоверлi емес 
түрлерi бiршама көбiрек болады, ал қос кроссинговер нәтижесiнде түзiлетiн гаметалар өте сирек 
кездеседi. Нақты мысал келтiрейiк: 
abc
ABC
х
abc
abc
талдау будандастыру кезiнде тiркескен үш жұп 
гендерi бар үшгибридтердiң ұрпағында мынандай ажыраулар болған (8.1-кесте).
Дарабастардың жалпы саны 434 болғанда, I-бөлiмшедегi айқасудың пайызын табу үшiн бiз 
алдымен айқасуға ұшыраған дарабастардың санының қосындысын (30 + 34 = 64) есептеп алуымыз 
керек, сонда ол I-бөлiмшедегi сыңар айқасулары бар дарабастардың жалпы санына сәйкес келедi. 
Бiрақ қос айқасулар да I-бөлiмшеде болады. Сондықтан сыңар айқасуы бар 64 дарабасқа бiз қос 
айқасулары бар дарабастарды қосуымыз керек, яғни 7 + 5 = 12. Сөйтiп I-бөлiмшедегi айқасулары 
бар жалпы дарабастардың саны 64 + 12 = 76 болады. Бұл сан дарабастардың жалпы санына 
шаққанда 17,5% құрайды. Осыған байланысты 
А-а
және 
В-b
аллельдiк жұптардың локустарының 
арасындағы қашықтық: 
434
76
х 100 = 17,5% морганида болып шығады.
Дәл осындай жолмен II-бөлiмшедегi айқасулары бар дарабастардың жалпы санын да анықтауға 
болады. (50 + 58 + 7 + 5 =120). Бұл санды дарабастардың жалпы санына шағып пайыз есебiмен 
алғанда II-бөлiмшедегi айқасудың жиiлiгi 27,6%-ға тең болады. Сонымен, осындай жолмен 
гендердiң арасындағы салыстырмалы қашықтықты анықтаймыз: 
А
мен 
В
гендерiнiң ара 
қашықтығы 17,5, ал 
В
мен 
С
- 27,6 морганида болады. Мұнда қос айқаспалы 12 дарабас I-
бөлiмшенiң және II-бөлiмшенiң де айқасу жиiлiгiн есептеген кезде еске алынғандығын ескеру 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет