Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Үлкен /көрнекті/ және кішігірім мутациялар



Pdf көрінісі
бет56/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
Үлкен /көрнекті/ және кішігірім мутациялар 
Мутациялардың фенотипті көрінуіне байланысты үлкен және кіші мутациялар 
болып бөлінеді. 
Генетиктер көп уақытқа дейін көрнекті мутацияларға көп көңіл бөліп, ондағы 
пайда болған өзгерістерді зерттеумен болды. Үлкен мутациялар көзге көрнекті және 
кейбір кездерге тұтас органдардың өзгеріп, әртүрлі кемістіктің пайда болуын қамамасыз 
етеді. Үлкен мутациялардың пайда болуымен қатар, кішігірім көзге көрінбейтін 
мутациялар физиологиялық, морфологиялық және кез кеоген сандық белгілерге әсерін 
тигізетін тұқым қуалайтын өзгергіштікпайда болатындығы табылған. Мұндай кішігірім 
мутациялар 1930 ж. Э. Бауэр, Г.Штуббе және Е. Ист көптеген өсімдіктермен тәжірибе 
жүзінде зерттеген еді. Егер үлкен мутацияларды өсімдікке тәжірибе жасап, F
2
тұқымда 
өзгерген өсімдіктің морфологиясына қарап тапса, ал кіші мутацияларды тек матиматика 
жолымен есептеп табуға болады. Кішігірім мутациялар пайдалы белгілердің / тұқымның 
сапасын, сыртқы ортаға бейімділігін, жануарлардың сүттілігін, жүннің қалындығын т.б./ 
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің көлемін арттыратын болғандықтан эволюция мен 
селекцияда аса зор маңызы бар. Сонымен кішігірім мутациялар көрінбесе организмнің 
өмір сүруіне қатты әсерін тигізбей, тек популяцияда тұқым қуалайтын өзгергіштіктің 
үлкен маңызды резервін шығарып, оны сақтап отырады. Осы мутацияның нәтижесінде 
шыққан формалар сыртқы орта факторына төзімді, жаңа организмнің бастамасы болып 
табылады. 


Морфоздар. Әдетте мутациялардан морфоздардыңайырмашылығын білу қажет. 
Морфоздар- радияцияның немесе химиялық заттардың әсерінен пайда болған өзгерітер. 
Алайда олар сыртқы ортаға бейімделмей, келесі тұқымдарда өзінің қасиетін жоғалтып 
отырады. Радияция арқылы мутацияны радиоморфоз десе, химиялық заттардың әсерінен 
алған мутацияны хемоморфоз деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет