Полиплоидияжәне анеуплоидия Бүкіл өзгергіштік кез келген белгілер менкез келген генетикалық құрылысты:
гендер, хромосомалар, геномдарды қамтиды. Полиплодия және анеуплоидия дегеніміз –
ол хромосомалар санының өзгерісінің нәтижесі, дәстүрлі жіктеуге сәйкес геномды
мутацияға, яғни геном өзгерісіне – құрамында гендер жинақталған /локализацияланған/
хромосоманың гаплоидты жиынтығына жатады.
Эукариот тіршілігінде хромосома жиынтығы санының және қалыпты өзгерісімен
қатар, хромосома санының әдеттегіден жоғары көбеюі кездеседі. Егерде осындай
өзгерістер гаплоидты жиынтыққа /п/ пропорционалды / кратный/ болса, онда полиплоидия
немесе полиплоидизация туралы сөз болады. Егер хромосома жиынтығының тек бір
ненесе бір аз экземплярының саны өзгерсе, оны анеуплоидия дейді.
Полиплоидия /гаплоидия/ - бұл ең жоғарғы қатарлы комплекстер құрамындағы бір
геном және сол геномның қайталану дәрежесі.
Автополиплоидия кезіндегі бір ғана геном, ал аллополиплоидия кезінде екі және
одан да әр түрлі геномдар қайталанады.
Полиплоидия табиғатта біркелкі емес және кең тараған. Полиплоидты эукариотты
микроорганизмдер- саңырауқұлақтар және балдырлар белгілі, полиплоидтер гүлді
өсімдіктер арасында да жиі кездеседі, бірақ жалаңаш тұқымдыларда кездеспейді. Көбінесе
қарапайымдардың макронуклеустері жоғары дәрежеде полиплоидті. Жануарлар
организмінде полиплоидия аз, оған қарағанда эндоплоидия кейбір дифференциалды
организмдерде жиі кездеседі. Мысалы: сүт қоректілердің бауырында, сол сияқты
насекомдардың ішек тканінде, сілекей безі, мальпигий түтіктерінде.
Полиплоидияның таралу дәрежесі- әртүрлі организмдер топтарының арасында,
әсіресе жануарлардағы жынысты анықтаудың хромосомалы механизміне байланысты
шектеулі болады. Сондықтанда полиплоидия гермофродиттер де қалыпты жыныс
процесін жоғалтып, апомиктикалы көбейетін жануарларда кездеседі. Полиплоидияның
пайда болуы гибридизация мен клетканың мейозды және митозды бөлінуінің бұзылуы
себеп болады. Полиплоидия солтүстік жарты шарда кездеседі, оның жиілігі жоғары таулы
аудандарда ұлғая түседі. Бұл факті полиплоидтердің суық жағдайға өте жақсы
бейімделуімен байланыстырады.