Көптеген жағдайда кері мутация геннің алғашқы тура мутациясына өтпей, басқа бір
аллельді емес геннің тура мутациясын көрсетуі мүмкін. Мұндай кері мутацияның гендері
алғашқы геннің тура мутациясына басымдылық көрсетеді де оның көрінуіне кедергі
жасайды. Мұндай мутацияны супрессорлы мутация немесе супрессорлы гендер деп
атайды. Сондықтан кез-келген мутацияның кері шешу үшін, тура мутацияның қалыпты
түрін қайталай ма? Әлде геннің құбылысы мен қасиетін жартылай қайталайма? Ол үшін
тура және кері мутацияның плейотропты жағдайын зерттеу қажет.
Гомололгты хромосомалардың бірдей локусы екі аллельді гендерден тұрады. А
және а, В және в, С және с локустың осы екі жағдайы тура, мутацияда кері мутация
кезінде де пайда болады. Алайда бірдей локустың гендері бірнеше жағдайда өзгеруі
мүмкін, осындай жағдайда кейде 10 нан да асып кетеді. А ген а
1,
а
2,
а
3,
а
4,
а
п
, жағайларға
мутациялануы мүмкін. Осындай мутацияның қатарын көп сириялы аллельдер, ал осындай
құбылысты көптік аллелизм дейді.
1.
Көп аллельді сериалар диплоидты, тіршілікте екі аллельді гендерден тұрады.
2.
Әрбір сирияның бір бөлігі, екіншісіне толық немесе толық емес доминанттылық
көрсетеді. А > а
1
> а
2
>а
3
т.б.
3.
Көп аллельдердің бір сериясы бір белгіге әсер етіп оның эффектісін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: