атайды. Мутациялық және комбинативтік өзгергіштік тек қана генотиптің өзгеруіне
байланысты болады, және ұрпаққа беріледі. Сондықтан оларды генотиптік немесе тұқым
қуалайтын өзгергіштік деп атайды.
2.
Фенотиптік өзгергіштік.
Организмнің жеке дамуы барысында оның морфологиялық, физиологиялық,
биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіндігі байқалады. Мұндай
өзгергіштікті фенотиптік өзгергіштік деп атайды. Фенотиптік өзгергіштіктің генотпитік
өзгергіштіктен негізгі бір айырмашылығы организм генотипінің өзгермейтіндігінде және
ол тұқым қуаламайды. Сондықтан мұндай өзгергіштікті тұқым қуаламайтын өзгергіштік
деп те атайды.
Генеративті және соматикалық мутациялар
Мутациялық өзгергіштік организмнің әртүрлі стадиясында барлық клеткада жүзеге асады.
Гаметалар мен клеткада пайда болатын өзгергіштікті генративті, ал соматикалық клеткада
өтетін өзгергіштікті соматикалық мутация деп атайды. Генеративті және соматикалық
мутациялар өзінің табиғаты жағынан бір-бірінен айырмашылығы жоқ.мутациялық
құбылыстың екі түрі де хромосомалардың структурасының өзгеруімен байланысты.
Олардың пайда болу жиілігі де бірдей, бірақ мәні мен нәтижесі эволюция мен селекция
үшін зор маңызы бар.
Генеративті мутация жыныспен көбею жолында организмнің келесі ұрпағына
беріліп отырады. Доминантты мутация F
1
тұқымда көрінсе, ал рецессивті мутация F
2
және
келесі тұқымдарда оның гомозиготты қалыпқа келу кезеңдерінде көрінеді.
Соматикалық мутация диплоидты клеткаларда пайда болады, сондықтан
гомозиготты қалыпта доминантты гендер немесе рецессивті гендер арқылы көрінеді.
Көптеген өсімдіктер, мысалы жеміс-жидек дақылдары вегетативті жолмен
көбейеді. Жаңадан шыққан организмдері кез келген мутациялық өзгерістер келесі
тұқымға беріліп отыратындығы белгілі.жеміс ағаштарының клеткасының өсу нүктесіде
пайда болған мутация жақсы зерттеліп, оны бүршікті мутация деп атап кеткен, ғалым
И.В.Мичурин еді. Оның 6 грамдық Антоновка алмасы, осы бүршікті мутацияның
нәтижесінен алынған.
Достарыңызбен бөлісу: