Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет13/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

3 Моногибридтi будандастыру 
Ата-аналық организмдердегi альтернативтi жұп белгiлердiң тұқым қуалауын оларды 
будандастыру арқылы зерттейдi. Сол жұп белгiлердiң санына қарай будандастыру 
моногибридтi

дигибридт
i және 
полигибридтi
деп ажыратылады. 
Альтернативтi немесе қарама-қарсы бiр жұп белгiлерi бойынша ажыратуға болатын ата-
аналық формалар будандастырылса, оны 
моногибридтi
деп айтады. Мысалы Мендель 
тәжирибелерi үшiн альтернативтi жетi белгiлерi бойынша ажыратылатын бұршақтың 
әртүрлi сорттарын тандап алды: тұқымы сары немесе жасыл, тұқымы тегiс немесе бұдыр, 
тұқым қабығы сұр немесе ақ, бойы биiк немесе аласа т.б.
Өздiгiнен тозанданатын бұршақтың осы сорттарын бiр-бiрiмен будандастырудың 
нәтижесiнде Мендель тұқым қуалаудың негiзгi заңдылықтарын ашты.
Аналық өсiмдiк ретiнде қандай сорттың пайдаланғанына қарамастан, будандасудан 
алынған 
F
1
гибридтерiнде альтернативтi жұп белгiнiң тек бiреуi ғана көрiнiс бередi. 
Мұндай белгiнi Мендель 
доминантты
деп атады. Ол жұп белгiлердiң iшiнен: тұқымның 
сары түсi жасыл түске, тегiстiгi тұқым бұдырлығына, тұқым қабығының сұр түсi ақ түске, 
бойының биiктiгi аласалығына қарағанда доминанттылық көрсететiнiн байқады. Бiрiншi 
гибрид ұрпақта көрiнбеген белгiлердi Мендель 
рецессивтi
белгiлер деп атады. 
Доминантты белгiлердi Мендель жоғарыда атап өткендей латын алфавитiнiң үлкен 
әрiпiмен, рецессивтiк белгiлердi - кiшi әрiпiмен белгiледi. Тұқым қуалауға талдау 
жасағанда бiрiншi гибрид ұрпақ бiрдей пiшiндi, бiр типтес болғандықтан бұл құбылыс
Мендельдiң бiрiншi заңы немесе бiрiншi ұрпақ гибридтерiнiң 
бiркелкiлiк заңы
деп 
аталады. Бұл заңды 
доминанттылық ережесi
деп те атайды. Бұл барлық өсiмдiктерге, 
жануарларға, адамға да тән жалпы кұбылыс. 
Егер бұршақ өсiмдiктердiң бiрiншi гибрид ұрпағы 
F
1
өздiгiнен тозаңданса, онда 
олардың екiншi 
F
2
ұрпағында атасының да, анасының да белгiлерi көрiнетiн болады. 
Мысалы, бұршақтың сары және жасыл тұқым жарнақтары бар түрлерiн будандастырудан 
алынған бiрiншi ұрпақтың түсi сары болады. Ал осы
F
1
гибридтерiн өздiгiнен
тозаңданудан алынған 
F
2
ұрпағында сары және жасыл тұқымдары бар өсiмдiктер пайда 
болады. Яғни бiрiншi будан ұрпақта көрiнбеген белгiлер (жасыл түс) екiншi ұрпақта 
көрiнедi. Доминантты және рецессивтi белгiлер 
F
2
ұрпағында белгiлi бiр сандық ара 
қатынаста болады. Мендельдiң тәжiрибесiнде 
F
1
-де алынған 258 өсiмдiктiң өздiгiнен 
тозандануынан 
F
2
-де 8023 тұқым алынды. Осы тұқымдардың 3/4 бөлiгi (яғни 6022 ) сары 
ал 1/4 бөлiгi (яғни 2001) жасыл түстi болып шыққан. Сонымен 
F
2
-де алынған доминантты 
және рецессивтi белгiлерi бар тұқымдардың сандық арақатынасы 3:1 болды. Бiр жұп 


белгiлердiң осындай арақатынаста ажырауы 
Мендельдiң екiншi заңы немесе ажырау заңы
деп аталады. 
Жүргiзген зерттеулерiне талдау жасаудың негiзiнде Мендель қорытынды жасады: 
рецессивтi бастамалар (задатки) гетерозиготалы организмде жоғалмайды, өзгерiске 
ұшырамайды және көбею кезiнде дәл сондай рецессивтi бастамалармен кездескен кезде, 
яғни келесi ұрпақтарда қайтадан көрiнедi. Мендельдiң осы гипотезасын У.Бэтсон 
кейiнiрек (1902 ж)
 "гаметалардың тазалық ережесi
" ретiнде генетика ғылымына еңгiздi. 
Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негiзiнде доминантты және рецессивтi 
бастамалардың гетерозиготалық организмде бiрiмен бiрi араласып кетпей, гаметалар 
түзген кезде "
таза
" күйiнде ажырайтындығы жатыр. Мысалы, гетерозиготалы организм 
Аа-
дан түзiлген 
А
және 
а
гаметалары бiрiмен-бiрi араласпайтын "
таза
" гаметалар. Тұқым 
қуалаушы бастамалардың будандастыру кезiнде бiр-бiрiмен араласпай ұрпақтарына 
тұрақты берiлуi тұқым қуалаудың дискреттiлiгiн (оқшаулығын) көрсетедi. 
Егер доминантты және альтернативтi рецессивтi белгiлердi (мысалы, тегiс және бұдыр 
тұқымдар) 
А
және 
а
- әрiптерi арқылы белгiлесек онда Мендель жасаған тәжiрибенi схема 
түрiнде былай көрсетуге болады. 
Моногибридтi будандастыру кезiндегi бастамалардың тұқым қуалауы 
Мысалы, гомозиготалы 
АА
немесе гетерозиготалы 
Аа
өсiмдiктер тұқымдарының бетi 
тегiс болғанымен олардың тұқым қуалау бастамалары бiрдей емес. Организмдердiң 
сыртқы көрiнетiн белгiлерiнiң жиынтығын 
фенотип
, ал тұқым қуалау бастамаларының 
жиынтығын 
генотип
деп атайды. Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1 
АА
: 2 
Аа
: 3 
aa
, ал фенотип бойынша 3
А-
: 1
аа
қатынасында болатындығын оңай көруiмiзге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет