Көпшiлiк жағдайда реципрокты будандастырудан бiрдей нәтижелер алынады, яғни
бiрiншi гибрид ұрпақ
F
1
бiркелкi, сол сияқты
F
2
кезiндегi белгiлердiң ажырауында да
ешқандай айырмашылық болмайды.
Белгiлердiң тұқым қуалауын гибридологиялық анализ әдiсiмен зерттеуде кейде
қайыра
бұдандастыру
немесе
беккросс
деп аталатын будандастырулар қолданылады. Ол бiрiншi
гибрид ұрпақ
F
1
-дi гомозиготалы (доминантты немесе рецессивтi) формалар мен
будандастыру болып табылады және осындай будандастырудан алынған ұрпақты
F
а
деп
белгiлейдi. Оны былайша жазуға болады:
Аа х АА
немесе
Аа х аа
. Генетикалық талдау
және селекция жұмыстары үшiн осы екi будандастырудың маңызы бiрдей емес. Бiрiншi
гибрид ұрпақ
F
1
-дi доминантты аллельдер бойынша гомозиготалы формамен қайыра
будандастырған кезде оның ұрпақтары генотипi жағынан
1АА : 1аа
болғанымен фенотипi
бойынша белгiлердiң ажырауы байқалмайды.
F
а
кезiнде барлық өсiмдiктерде тек сары
түстi тұқым пайда болады.
Генетикалық талдау үшiн де, сол сияқты селекция жұмыстары үшiн де
F
1
ұрпағын
рецессивтi аллельдер бойынша гомозиготалы формамен будандастырудың үлкен маңызы
бар. Будандастырудың мұндай жолын
талдаушы (анализдеушi) будандастыру
деп
атайды. Талдаушы будандастырудың практикалық жұмыста да маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: