бөлiгiне тең болса, онда екi белгiнiң бiр мезгiлде пайда болу ықтималдылығы төмендегi
көбейтiндiлерге тең болады:
сырты тегiс сары дән
3/4 х 3/4 = 9/16,
сырты тегiс жасыл дән
3/4 х 1/4 = 3/16,
сырты бұдыр сары дән
3/4 х 1/4 = 3/16,
сырты бұдыр жасыл дән
1/4 х 1/4 = 1/16.
Бұл алынған сандар Пеннет торындағы 9 : 3 : 3 : 1 қатынасына сәйкес келедi және белгiлердiң
фенотип бойынша ажырауын көрсетедi. Мендельдiң тәжiрибесiнде
F
2
-дегi 556 тұқым фенотип
бойынша осылай ажырады.
Сонымен гибридтердiң екiншi ұрпағы
F
2
фенотиптерi бойынша
9 : 3 : 3 : 1 қатынасында, ал
генотиптерi бойынша 1:2:1:2:4:2:1:2:1 қатынасында ажырайды. Бұл ажырауды Пеннет торынан
көруге де болады. Генотиптiк ажырауды математикалық әдiспен де есептеп шығаруға болады. Ол
үшiн дигибридтi ажырауды бiр-бiрiне тәуелсiз екi моногибридтi ажыраулар көбейтiндiсi ретiнде
қарастыру керек
: (1АА : 2Аа :1аа) х (1ВВ : 2Вв : 1вв).
Сонда генотиптерi бойынша ажырау
1ААВВ :
2ААВв : 1ААвв :2АаВВ : 4АаВв : 2Аавв :1ааВВ : 2ааВв :1аавв
болып шығады.
Гендер
толық
доминанттылық
көрсеткенде,
фенотипi
бойынша
гомозиготаларды
гетерозиготалық формалардан айыру мүмкiн емес, мысалы
ААВВ, АаВв, ААВв, АаВВ
. Ұқсас
фенотиптердi кейде фенотиптiк радикалмен белгiлейдi. Фенотиптiк радикал дарабастардың
фенотипiн анықтайтын бөлiгi болып табылады. Жоғарыда аталған төрт генотип үшiн фенотиптiк
радикал
А-В-
болады. Фенотиптiк радикалдағы сызықшалардың орнына әртүрлi аллельдердi
орналастырып түрлi генотиптер алуға болады. Мысалы,
А-вв
радикалы
ААвв
және
Аавв
генотиптерiне сәйкес келедi. Фенотиптiк радикалдың көмегiмен
F
2
- дегi фенотип бойынша
ажырауды 9/16,
Достарыңызбен бөлісу: