Дәріс 9-10. Пайызға байланысты есептер.
Пайыз тақырыбы мектеп курсындағы ең бір негізгі тақырып болып табылады. Пайызға есеп шығарғанда нені 100%-ға тең деп алатын шаманы анықтап алғанымыз дұрыс болады. Мысалы, Петя екі кітап сатып алды. Бірінші кітабы екіншісінен 75 %-ке арзан. Екінші кітап бірінші кітаптан неше процентке қымбат? Шешуі: Екінші кітаптың бағасын 100% ретінде алуға болады. Бірінші кітаптың бағасы 75 пайызға арзан болғандықтан, ол екінші кітаптың 25 пайызын құрады. Сондықтан екінші кітап бірінші кітаптан төрт есе қымбат. Есептің сұрағына жауап беру үшін 100 пайыз деп бірінші кітаптың бағасын аламыз. Екінші кітаптың бағасы бірінші кітаптың 400 пайызын құрайды. Сондықтан екінші кітаптың бағасы бірінші кітаптың бағасынан 300 пайызға қымбат. Бұл жерде көңіл бөлетін нәрсе 100 пайыз ретінде нені таңдап алатынымыз.
Бірінші жағдайда 100 пайыз екінші кітаптың бағасы да, екінші жағдайда 100 пайыз бірінші кітаптың бағасы. Нені 100 пайыз етіп алу есептің шартына байланысты болады да, басқа шаманы табу барысында 100 пайыз ретінде алынған шаманы өзгертуге де болатына есепте көзіміз жетті. Есептің шарты бойынша бір кітап екінші кітаптан 75 пайызға арзан, сондықтан екінші кітаптың бағасын 75 пайызға арзандату керек те, 100 пайыз етіп оның бағасын алу керек, өйткені екінші кітап бірінші кітаптан неше пайызға қымбат, яғни бірінші кітаптың бағасын неше пайызға арттыруымыз керек екенін табу керек болғандықтан, 100 пайыз ретінде бірінші кітаптың бағасын алу керек .
«Сандарға» арналған есептер.
1 есеп. Картоп 20 пайызға арзандады. Сол ақшаға неше пайыз картоп артық салуға болады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша картоп 20 пайызға арзандады. Сондықтан сатып алынған картопқа тӛленген ақша барлық ақшаның 80 пайызы ғана. Осы картопты қапқа саламыз. Қалған ақшаға тағы да осы қаптағы картоптың төрттен біріне тең картоп сатып алуға болады, яғни 25 пайыз артық картоп сатып алуға болады.
2 есеп. Бастапқыда екі дүкенде де сүттің бағасы бірдей болатын. Бірінші дүкенде сүт 40%- ға, ал екінші дүкенде әуелі 20%-ға, содан соң тағы да 25%-ға арзандады. Қай дүкенде сүт арзан?
Шешуі: Екінші дүкенде бірінші рет арзандатқаннан кейін сүттің бағасы бастапқы бағаның 80%-не тең болды, ал екінші рет арзандатқанда - 80%*0,75=60%, яғни бірінші мазагиндегі сүттің бағасымен бірдей. Олай болса екі магазиндегі сүттің бағалары бірдей болды.
3 есеп. Тік төртбұрышты участоктың ұзындығын 50%-ға арттырып, ал енін 10%-ға кеміткенде оның ауданы қалай өзгерді?