Бұл теңдік Ньютонның үшінші заңы деп аталады. Бұл заң былай тұжырымдалады:
әсерлесуші екі дененің бір-біріне әсері әр уақытта сан жағынан тең, бағыттары жағынан қарама-қарсы болады. Денелердің әсерлесуі кезіндегі күштердің табиғаты бір. Олар әртүрлі денелерге түсірілген, сондықтан бір-бірін теңестіре алмайды. Ал, векторлық қосу ережесімен, тек бір денеге түсірілген күштерді ғана қосуға болады.
Төмендегі сурет Ньютонның үшінші заңын сипаттайды. Адам жүкке модулі қандай күшпен әсер етсе, жүк адамға сондай күшпен әсер етеді. Бұл күштер қарама – қарсы бағытталған және олардың физикалық табиғаты бірдей, ол - арқанның серпімді күші. Екі денеге берілетін үдеулер, дене массаларына кері пропорционал.