Механика – механикалық қозғалыстар туралы ғылым.
Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа бір дененің уақыт өтуімен орын ауыстыруын айтады. Кинематика – қозғалыстардың себептерін қарастырмай, тек түрлерін қарастырады.
Динамика – қозғалыстардың пайда болу себептерін қарастырады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ): ұзындықтың өлшем бірлігін – метр,
уақыттың өлшем бірлігін – секундпен алу ұсынылған.
Егер дененің өлшемі, ара қашықтықтығына қарағанда әлдеқайда аз болса, онда мұндай денені материалдық нүкте деп атайды. Материалдық нүктенің қозғала отырып із қалдыруын траектория деп атайды К еңістікте қозғалыстағы денелердің қозғалмайтын денелер арқылы салыстырып қарау жүйесін санақ жүйесі деп атайды.
Санақ жүйесі ретінде Декарттық координат жүйесі қолданылады. Мысалы, М нүктесінің орнын радиус - вектор арқылы сипаттауға болады:
Материалдық нүктенің қозғалысы уақытқа тәуелді: x=x(t), y=y(t), z=z(t)
Бұл теңдеулер кинематикалық қозғалыс теңдеулері деп аталады. Олар нүктеніңқозғалысының векторлық теңдеуіне сәйкес:
Траекторияның түріне байланысты қозғалыс түзу сызықты немесе қисық сызықты болып екіге бөлінеді.
Т раекторияның қарастырып отырған уақыттағы барлық бөліктерінің қосындысын жолдеп атайды, ол скалярлық шама. (суретте ол доға түрінде тұр):