Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика


Күш. Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз



бет8/38
Дата21.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#132645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
Д ріс жиынты Ы 1 Модуль. Механика

Күш.
Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз.
Денелердің өзара әсері бір-біріне үдеу беріп қана қоймай, бір-бірінің көлемі мен пішінін де өзгерте алады, яғни дененің бөлшектерінің орын ауыстыруы пайда болады.
Күш – денелердің әсерлесуінің сандық өлшемі. Күш дене жылдамдығының өзгеру себебі болып табылады. Ньютон механикасында күштің әртүрлі физикалық себептері бар: үйкеліс күші, ауырлық күші, серпімділік күші және т.с.с. Күш - векторлық шама. Денеге әсер ететін барлық күштердің векторлық қосындысы, тең әсерлі күш деп аталады.
Күшті өлшеу үшін күш эталонын анықтау керек және басқа денелердің осы эталонмен салыстыру әдісін қарастыру керек.
К үш эталоны ретінде берілген ұзындыққа дейін созылған пружинаны алуға болады. Осы берілген ұзындықтағы пружинаның ұшына бекітілген денеге әсерін болатын күш модулін F0 күш эталоны деп атайды. Денені эталонмен салыстыру мына түрде жүзеге асады: егер дене өлшенетін күш және эталон күш әсерінен тыныштықта тұрса (немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалса), онда күштер модулдері жағынан тең F = F0.
Халықаралық бірліктер жүйесінде эталондық күшті Ньютон (Н) деп атайды, яғни, 1Н деп – күштің массасы 1кг денеге 1м/с2 үдеу беруін айтады.
Практикада барлық өлшенетін күштерді эталонмен
салыстырып отырудың қажеті жоқ. Оларды өлшейтін арнайы құрал бар, оны динамометр деп атайды.
күшті эталонмен салыстыру F = F0
Импульс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет