Қозғалыстың бастапқы нүктесі мен соңғы нүктесін қосатын векторды орын ауыстырудеп атайды, ол векторлық шама:
Егер ұмтылса, онда болады, яғни жол мен орын ауыстыру шамалас болады.
Егер дене, қисық сызықты траектория бойымен қозғалса, онда орын ауыстыру жүрілген жолдан кіші.
Д ененің қозғалысын сипаттау үшін жылдамдық деген түсінік енгізіледі:
Жылдамдық – уақыт мезетіндегі қозғалыстың шапшаңдығын білдіретін векторлық шама.
Орташа жылдамдық векторы радиус-векторының уақыт интервалына қатынасын айтады:
Орташа жылдамдықтың бағыты радиус - вектордың бағытымен бағыттас. Жылдамдықтың өлшем бірлігі: м/с.
Лездік жылдамдық берілген нүктедегі радиус–вектордың уақыт бойынша бірінші туындысын айтады немесе орташа жылдамдықтың өте аз уақыт аралығындағы шегі:
Л ездік жылдамдық траектория бағытына жанама бағытталған. Лездік жылдамдықтың модулі (скаляр шама) жолдың уақыт бойынша бірінші туындысы болып табылады:
Дене қисық сызықты траекториямен қозғалыс жасағанда, оның жылдамдығының модулі және бағыты өзгереді:
Δt уақыт аралығындағы жылдамдықтың өзгеру векторын екі құраушыға жіктеуге болады: вектор бойымен бағытталған (жанама құраушы)- , векторға перпендикуляр бағытталған (нормаль құраушы)-
Үдеу – жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.
Орташа үдеу деп жылдамдықтың өзгеруінің уақыт интервалына қатынасын білдіретін векторлық шаманы айтады:
Лездік үдеу деп қарастырылып отырған нүктенің қозғалыс жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысын, радиус - вектордың уақыт бойынша екінші туындысын айтады:
Үдеудің өлшем бірлігі – м/с2 Қисық сызықты қозғалыс кезінде үдеудің бағыты жылдамдықтың бағытымен сәйкес келмейді, ал түзу сызықты қозғалыс кезінде олар бағыттас.