Ньютонның екінші заңы. Ньютонның екінші заңы денелердің өзара әсерлесуі және ілгерлемелі қозғалысы кезінде оларда болатын өзгерістердің байланысын сипаттайды. Сондықтан, бұл заң ілгерлемелі қозғалыс динамикасының негізгі заңы болып табылады. Ол былай тұжырымдалады:
Дененің алған үдеуі, әсер етуші күшке тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді. ; соңғы теңдеуді деп жазсақ, мұндағы – өте dt аз уақыт ішіндегі күш импульсы болып табылады.
Ньютонның бірінші заңы екінші заңының дербес түрі, оны былай түсіндіруге болады. Егер әсер етуші күш , тең болса, онда дене үдеу алмайды , яғни дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс күйін сақтайды да, инерция заңына айналады.
Ньютонның екінші заңы – динамиканың негізгі заңы боып табылады. Бұл заң инерциалды санақ жүйесінде ғана орындалады.
Ньютонның екінші заңы – табиғаттың негізгі заңы. Оны екі категорияға бөлуге болады:
Егер әртүрлі массадағы денелерге бірдей күшпен әсер етсе, онда денелердің алған үдеулері, массаларына кері пропорционал болады.
болғанда
Егер бір денеге әртүрлі күшпен әсер етсе, онда денелердің алған үдеуі түсірілген күштерге тура пропорционал болады.
болғанда
Обобщая подобные наблюдения, Ньютон сформулировал основной закон динамики:
Егер денеге бір уақытта бірнеше күш әсер етсе, онда тең әсерлі күш:
- қызға әсер ететін ауырлық күші мен қалыпты қысым күштерінің тең әсерлі күші,
Егер тең әсерлі күш болса, онда дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады немесе тыныштықта тұрады. Сөйтіп, Ньютонның екінші заңы бірінші заңын толықтырады.