Бағдарламасы осы оқу пәніне арнап құрастырылған



Дата28.01.2018
өлшемі178.15 Kb.
Кіріспе

Бастауыш саты – оқушының интелектісінің дамуының іргетасы оқу әрекеті қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгерту оқушы ойын тәртіппен , оның белгілі бір бағытта жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді, жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырғақты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау , әрекет – амалдың ішкі жоспары сияқты жаңа түзілімдер пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін өз әрекетін бақылап бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.

Оқу әрекетін қалыптастыру білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру ұстанымымен тығыз байланысты. Бұл білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдарың үлесін арттыруды қажет етеді. Осыдан объектілер мен құбылыстардың тек сыртқы түрін белгілерін бақылап қана көріп тану тәсілін ғана емес оқушыны ынталандырып шығармашылық әрекетке жетектейтін ішкі байланыстарды өзара тәуелділік заңдылықтарды өздігінен ашып түсініп танитындай әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туады оқу әрекеті арқылы оқушы осындай тәсілдермен жұмыс істеу біліктерін меңгереді.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың басты мақсаты- балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік – эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті – елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

«Сөз маржаны» бағдарламасы осы оқу пәніне арнап құрастырылған.

Бағдарламаға халық ауыз әдебиеті үлгілері негізге алынды.

Кез – келген шығарманы оқып, мазмұнын түсінуде оқушының мәнерлеп оқуының мәні зор. Сондықтан бағдарламада оқу дауыс екпініне, берілген шығарманы мәнерлеп оқуға көңіл бөлінді. Себебі өлеңді, қара өлеңді, мәтінді, ертегіні, мысал-диалогты, мақал-мәтелді т.б. оқудың өзіндік ерекшеліктері бар. Әр шығарма өзіне тән қасиетке ие. Осы ерекшелігіне байланысты әрқайсысының мазмұнын ашу үшін сол шығармаға сәйкес мәнерлеп оқи білу қажет.

Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын арттыру, шешендікке баулу, оқу қарқынын реттейтін қарапайым тәсілдерді меңгерту, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу, мән мағыналық кідірістерді айқындау, мәтін мазмұнын өз бетінше түсіну барысында ертегілер мен мысалдардың мәнін анық жеткізу, әңгімедегі кейіпкердің мінез-құлық ерекшеліктерін байқата оқыту.



Міндеттері:

- оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру;

- өмірге көзқарасын ояту;

- жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

- ұлтымыздың ең асыл қасиеттері-үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу т.б.

- бойына сіңіру:

- әуезді-сазды ерекшеліктерді сақтап оқыту;

- сөз екпінін дұрыс қойып оқыту:

- Ой екпінін дұрыс қойып оқыту;

- кейіпкердің көңіл – күйін сезіне оқыту.



Күтілетін нәтиже:

Оқу: дұрыс оқи білу, көркем әдеби шығармаларды түсіне білу, шапшаң, дауыстап, дұрыс мәнерлеп оқи алу.

Сөйлеу: тілдік сөздік қорын байыту, толық ойын айта алу, фольклор шығармаларын ажырата алу, оқыған шығармасының тақырыбы мен оның авторын дұрыс атай алу, көркем әдебиет жанрларын ажырата алу, шығармадағы оқиғалардың байланысын сақтап, әңгімелеп беру.

Жатқа білу: төрт түлік туралы өлең-жырлар, мақал-мәтелдер,жұмбақтар,отан туралы өлең-жырлар т.б.

Әдіс-тәсілдері:

- Түртіп алу стратегиясын қолдану әдісі;

- Мағыналар ашу әдісі;

- Іштей оқу әдісі;

- Сұрақ-жауап әдісі;

- Рольмен мәнерлеп оқыту әдісі;

- Бөлімдерге ат қою әдісі;

- Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісі;

- Сиқырлы объектілер әдісі;

- Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі;

- Кейіпкерлердің ойын, пікірін жеткізе білу әдісі.

«Сөз маржаны» курсының бағдарламасы. 2 класс.

Бағдарлама – 68 сағат; аптасына 2 рет.

Өз елім менің – өзегім менің - 6 сағ.


  1. «Қазақстан – біздің Отанымыз» мәтінмен таныстыру, оқушыларға «Қазақстан» туралы түсінік беру.

  2. «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу, Отан жайлы түсінік беру. Оқушылардың Отанға деген сүіспеншілігін арттыру.

  3. «Астана қаласы – жаңа астана» мәтінін оқу. Астана туралы түсінік беру.Астананың жетістіктерін түсіндіру. «Астана» біздің бас қаламыз.

  4. «Алматы қаласы» өлеңін мәнерлеп оқу. Алматы қаласы жайлы әңгімелеу.

  5. «Анамның тілі – аяулы үні» өлеңін жаттау. Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

  6. «Ту тіккен» әңгімесін түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру.

Бабалар сөзі – даналық көзі - 7 сағ.

  1. Ел аузынан. Билер туралы мағлұмат беру.

  2. Жиренше шешен. Сұратқан хан оқымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Әңгімемен таныстыру, мазмұнын ашу.

  1. Алдаркөсе. Мәтінді түсініп оқу.

  2. Қожанасыр хикаялары. Мәтінді бөліктерге бөлу.

  3. Хан мен Қожанасыр. Әңгімені түсініп айту.

  4. Мықтылық пен ақылдылық (ел аузынан) Кейіпкерлерді салыстыра отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

  5. Мақал – мәтелдер. Мақал-мәтелдерді жаттау.

Жақсыдан қашпа, жаманға баспа - 5 сағ.

  1. Ананың сүюі. Ы.Алтынсарин

  2. Жақсылыққа – жақсылық. Д. Ахметов

  3. Кім ойлап тапқан? Қ. Жұмағалиев

  4. Сәлем беру. Ф. Оңғарсынова

  5. Әдептілік әліппесі. Ә.Асылбеков

Еңбек етсең ерінбей... - 5 сағ.

  1. Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі) Ертегіні әңгімелеп беру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  2. Қайта- қайта оқу (аңыз)

  3. Жалқау үкі (мысал ертегі) Ертегіні сахналау.

  4. Менің досым – робот. М.Шәжімова

  5. Менің оған нем кетті .М.Әлімбаев

Жақсылардың үлгісі – жанып тұрған шамдай - 5 сағ.

  1. Ыбырай. Ж.Әбдірашев

  2. Өсиеті Абайдың.Ж.Әбдірашев

  3. Сыйлық. Р.Сарғожин

  4. Қасиетті ағаш. М.Етекбаев

  5. Құрманғазы. А. Жұбанов

Табиғатым – тал бесігім - 3 сағ.

  1. Табиғат – анамыз. Н.Жанаев

  2. Жаңаша жыл санау.Е.Өтетілеуов Қазақша жыл санауын білу.

  3. Төрт мезгіл (ертегі). Төрт мезгілді салыстыру, сурет бойынша әңгімелеу.

Ынтымақ – достық кепілі - 3 сағ.

  1. Туысқан ел. Ж.Жабаев

  2. Ең асыл қазына.М.Мурадов

  3. Бір шелек алма.В. Сухомлинский

\

Аптасына 2 сағаттан. Барлығы 68 сағат.





Сабақтың реті

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі







1- тоқсан

18










Өз елім менің-өзегім менің

13




1

1

Қазақстан – біздің Отанымыз. «Отантану» кітабынан

1




2

2

Отан. Е. Өтетілеуов

1




3

3

Астана қаласы – жаңа Астана. З.Бейсенбаев

1




4

4

Астана-әсем қала.(шығарма жазу)

1




5

5

Алматы қаласы. С.Оспанов

1




6

6

Алматы-көркем қала. (өлеңдер сайысы)

1




7

7

Ақтөбе сүйікті қалам.(эссе жазу)

1




8

8

Анамның тілі – аяулы үні. Ш.Смаханұлы

1




9

9

ҚР рәміздері. Елтаңба, Әнұран, Ту.

1




10

10

Ту тіккен. К. Қазыбаев

1




11

11

Менің жанұям.

1




12

12

Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем.

1




13

13

Туған жер.Отан.(өлеңдер сайысы)

1










Бабалар сөзі-даналық көзі

13




1

14

Ел аузынан

1




2

15

Жиренше шешен

1




3

16

Алдаркөсе

1




4

17

Қожанасыр хикаялары

1




5

18

Өтірік өлеңдер

1










ІІ тоқсан

14




6

19

Мықтылық пен ақылдылық (ел аузынан)

1




7

20

Мақал - мәтелдер

1




8

21

Екі лақ (ертегі)

1




9

22-23

Ит пен мысық адамға қалай үйренді ( ертегі)

2




10

24

Мақтаншақ жолбарыс (ертегі)

1




11

25

Алтынмүйіз (ертегі)

1




12

26

Жұмбақтар . Жаңылтпаштар.

1










Жақсыдан қашпа, жаманға баспа

20




1

27

Ананың сүюі. Ы. Алтынсарин

1




2

28

Жақсылыққа – жақсылық. Д. Ахметов

1




3

29

Кім ойлап тапқан?Қ. Жұмағалиев

1




4

30

Сәлем беру. Ф. Оңғарсынова

1




5

31

Әдептілік әліппесі.Ә.Асылбеков

1




6

32

Әдет. Д.Қасенов.

1









ІІІ тоқсан

20




7

33

Әке кеңесі (чех ертегісі )

1




8

34

Кірпі мен Көжек (мысал)

1




9

35

Күлмеңіздер кәріге. М. Дулатов.

1




9

36

Қайырымды қақпан Ж. Әлмашев

1




10

37

Қайырымдылық деген не? (шығарма)

1




11

38

Жаман жолдас Ы. Алтынсарин

1




12

39

Қарға қызықпа Т. Абылайханов

1




13

40

Шал мен бала. Б.Соқпақбаев.

1




14

41

Сары тауық пен балапандары М. Төрежанов.

1




15

42

Жақсы мен жаман. (мысал) Б.Әділов.

1




16

43

Жақсы деген немене? Жаман деген немене? (рөлдік ойындар)

1




17

44

Көмек. (мысал) С. Сауытбеков.

1




18

45

Мен көмекшімін (эссе )

1




19

46

Кешірім Р.Әбдіқадырова

1










Еңбек етсең ерінбей...

8




1

47

Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)

1




2

48

Қайта- қайта оқу (аңыз)

1




3

49

Жалқау үкі (мысал ертегі)

1




4

50

Қанағат (ертегі) Ж.Қалиев

1




5

51-52

Менің досым – робот. М.Шәжімова

2










IV тоқсан

16




6

53

Менің оған нем кетті .М.Әлімбаев

1




7

54

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

1










Жақсылардың үлгісі – жанып тұрған шамдай

6




1

55

Ыбырай. Ж.Әбдірашев

1




2

56

Өсиеті Абайдың.Ж.Әбдірашев

1




3

57

Сыйлық. Р.Сарғожин

1




4

58

Қасиетті ағаш. М.Етекбаев

1




5

59

Құрманғазы. А. Жұбанов

1




6

60

Құмға салған сурет К.Сауырұлы

1










Табиғатым – тал бесігім

3




1

61

Табиғат – анамыз. Н.Жанаев

1




2

62

Жаңаша жыл санау.Е.Өтетілеуов

1




3

63

Төрт мезгіл (ертегі)

1










Ынтымақ – достық кепілі

5




1

64

Туысқан ел. Ж.Жабаев

1




2

65

Ең асыл қазына.М.Мурадов

1




3

66

Бір шелек алма.В. Сухомлинский

1




4

67

Мақтаншақ қоян. (өзбек ертегісі )

1




5

68

Кішкентай қісілер (ертегі)

1




Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бағдарлама. Әдебиеттік оқу. Алматы «Атамұра» 2013ж.

  2. Б.А. Тұрғынбаева . Дамыта оқыту технологиялары. Алматы 2002ж.

  3. Б.А.Тұрғынбаева . Б.Ш. Шәбденов. Шығармашылық баспалдақтары. Алматы 2003ж.

  4. Н.Айымбеков. Санамақ. Алматы. 2002ж.

  5. С.С.Аяпбергенова . Қ.Т. Тұрғынбаева . С.Б.Жакенова. Көркем әдебиет. Алматыкітап 2004ж.

  6. З.Бисенбаев . Б. Игенбаева . Г.Әріпова.. Ана тілі хрестоматия . Алматы «Атамұра» 2009ж.

  7. Ф.Ш. Оразбаева . Т.Т.Аяпова . Н.Х. Шадиева . «Қазақ тілі» оқу кітабы жоғары деңгей. Алматы «Жазушы» 2007ж.

  8. Е.Өтетілеу. «Жаттамақ» Алматы «Балауса» 1994ж.

  9. Т.Т.Аяпова, Ф.Ш.Оразбаева , Г.Т.Бисенбекова «Қазақ тілі» оқу кітабы, ортадан жоғары деңгей. Алматы «Жазушы» 2007ж.

  10. Қ.А. Аймағанбетова , З.Ф.Олейник, Г.М.Жүнісова, С.Ж.Базарбаева «Дүниетану» хрестоматиясы. Алматы «Атамұра» 1998ж.

  11. М.Велижанина, Т.Оралбекова Еңбекке баулу хрестоматиясы. Алматы «Атамұра» 1998ж.

  12. Журналдар тізімі:

а) Жыл он екі ай

ә)Балдырған

б) Айгөлек

в)Бала би



г)Мөлдір бұлақ
Каталог: uploads -> doc -> 04f0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04f0 -> Баяндама Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
04f0 -> «Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
04f0 -> Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет