Өт мөлшері: А порциясында 20-40 мл, бұл порцияда өт мөлшерінің көбеюі холедохоэктомия кезінде байқалады. В порциясында 40-60 мл, бұл порция көлемінің көбеюі өт қабының үлкеюі және атониясы бар холециститтерге, ал өттің азаюы – калькулезді холецистит кезінде механикалық кедергіден болады. С порциясы: зонд екі елі ішекте тұрғанда өт бөліне береді. Бөліну жылдамдығы шамамен 1 минутта 1 мл болады. А порциясының үлесті салмағы - 1007-1015; В порциясында - 1016-1032; С порциясында - 1007-1010; А порциясының реакциясы әлсіз сілтілі. В және С порциясы сілтілі. Дуоденальды сұйықтықты микроскопиялық зерттеу Микроскопиясы: - Клеткалық элементтер (лейкоциттер, эпителийлер).
- Кристалды түзілістер (холестерин кристалдары, микролиттер, май қышқылдарының кристалдары).
- Паразиттер.
Достарыңызбен бөлісу: |