В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша іштің беткей болжамды және терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы арқылы жасалады.
Беткей болжамды пальпация ауырсыну бар-жоғын, іш құрсағының алдыңғы іргесінің бұлшық еті кернеулігін, іш жарығын және іштің тік бұлшық етінің ыдырауын анықтауға негізделген. Бұл кезде саусақтарды терең батырмай, жәй ғана сағат тілінің бағытымен немесе оған қарсы немесе сол жақ мықын маңайынан бастап екі жағына симметриялы түрде беткей пальпация жасалады.
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЛАБОРАТОРЛЫҚ-АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.