Холестерин кристалдарының анықталуы кейде іс жүзінде дені сау адамда да кездеседі.
Дуоденальды сұйықтықта холестерин кристалдарының көп мөлшерде болуы өттің тас ауруын толық дәлелдемейді, тек өт жолдарында тас түзілуіне қарсы алдын-ала шаралар жүргізу керектігін көрсетеді.
Өтке цилиндрлік эпителийдің клеткалары тән, шырыш үлпектерінде олар жеке-жеке немесе қабат кездеседі. Эпителиальды клеткалардың көп мөлшерде болуы қабынудың бар екенін білдіреді.