ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖАҢА ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ОТАРШЫЛДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ БАСТАЛУЫ Тақырыбы:
Дәріс жоспары:
Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Жоңғар агрессиясы.
Қазақ-орыс қатынастары. І Петрдің «Шығыстағы саясаты». Ресей империясының бодандығын қабылдау.
Орталық биліктің әлсіреуі
XVII ғасырда Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының ауыр болуына байланысты ішкі бытыраңқылық шамадан тыс күшейді.
XVII ғасырда Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ.
Дәл осы кезде Қазақ хандығында жүздердің арасындағы ынтымақ, ауызбірлік бұзылып, экономикалық-шаруашылық байланыс, алып-беріс тоқтады.
Сөйте келе, әр жүздің бай-шонжарлары өздерінің талап-тілегін қанағаттандыратын хандарын сайлап алды.
Бұл кезекті Жоңғар шапқыншылығының басталуын тездетіп жіберді.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандары
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы (1628-1652)
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы (1628-1652)
Қазақтың хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады.
Жәңгір хан Жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара хандығымен, Жаркент хандығымен, қырғыздар одақтастығымен қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.
Басты мақсат олардың көмегіне сүйене отырып, Жоңғар шабуылынан қорғану еді.
Жоңғар шапқыншылығының басталуы
Жоңғар феодалдарының Қазақ хандығына бағытталған шапқыншылығының басты себебі:
Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алу.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын билеушілері үшін көшіп қонатын жерлерді кеңейту керек болды
Жоңғар шапқыншылығы
1643 жылы Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне баса-көктеп кірді:
Жәңгір 600 жауынгермен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шықты;
Жер жағдайын пайдаланып, ескі Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген;
Шайқаста Жоңғарлар 10 мың адамнан айырылды;
Осы кезде Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды.
Жоңғарлар өздеріне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинады. 1652 жылы Қазақ хандығының жеріне баса-көктеп кірді.