- Дүниеге келгені: 1644
- Қайтыс болғаны: 1700
- Мансабы: би
- Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2]
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы''
Жарғының негізі:
‘’Қасым ханның қасқа жолы’’ мен “Есім ханның ескі жолы” сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды.
Қасым хан тұсында шыққан, ”Қасым ханның қасқа жолы” деген заң жинағының бес тарауына екі тарау қосып, ”Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды.
Тәуке хан “Күлтөбенің басында күнде жиын” өткізіп, оның шешімі хан қасындағы билер кеңесінде бекітілді.
Жаңадан шыққан бұл заң тарихта ”Тәуке ханның заңдары”, - деп аталған.
Қазақша ”жарғы” деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.
Бұл қазақ хандығы заңдары қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалады.
Батырлар – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ, қаһармандық – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырлары Еуропаның рыцарьлары, жапонның самурайлары, үндінің кшатрийлері секілді өзіндік сословиені құрады. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, жапон самурайларының «Бусидо» кодексі секілді батырлық этикасы болған. - Батырлар – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ, қаһармандық – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырлары Еуропаның рыцарьлары, жапонның самурайлары, үндінің кшатрийлері секілді өзіндік сословиені құрады. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, жапон самурайларының «Бусидо» кодексі секілді батырлық этикасы болған.
Қазақ батырлары
Достарыңызбен бөлісу: |