Беттік керіліс: сұйық беттігіне жайғасқан молекулалар сұйық ішінде орналасқан молекулалар тарапынан тартылысқа түседі, соның нәтижесінде сұйық ішіне бағытталған қысым пайда болады. Бұл күштердің әрекеті сұйықтың өзінің беттігін азайтуға ұмтылуынан пайда болады; жаңа беттер пайда болу үшін белгілі бір жұмыс талап етіледі. Жаңадан пайда болатын, бетке жұмсалатын жұмысты фазалар аралық немесе беттік керілу деп атайды σ, оның өлшем бірлігі [Дж/м2] немесе [н/м]. - Беттік керіліс: сұйық беттігіне жайғасқан молекулалар сұйық ішінде орналасқан молекулалар тарапынан тартылысқа түседі, соның нәтижесінде сұйық ішіне бағытталған қысым пайда болады. Бұл күштердің әрекеті сұйықтың өзінің беттігін азайтуға ұмтылуынан пайда болады; жаңа беттер пайда болу үшін белгілі бір жұмыс талап етіледі. Жаңадан пайда болатын, бетке жұмсалатын жұмысты фазалар аралық немесе беттік керілу деп атайды σ, оның өлшем бірлігі [Дж/м2] немесе [н/м].
- Қысым: сұйық өзі тұрған ыдыстың қабырғасы мен түбіне, және оған батырылған кез-келген дене бетіне қысым түсіреді. Тыныштықтағы сұйықтың ішкі көлеміндегі кейбір элементарлы ауданға әсер ететін және осы ауданға нормаль бойынша бағытталған күш - гидростатикалық қысым күші . Бұл күштің аудан бірлігіне қатынасы орташа гидростатикалық қысым деп аталады. Қысым сұйықтың барлық нүктесінде барлық бағыттар бойынша бірдей. Қысым мен сұйық бағанасының биіктігі арасындағы байланыс:
- р = γН, қысымды белгілі бір сұйық бағанасының бірлігі түрінде көрсетеді (мм су бағанасы, мм сынап бағанасы). Физикалық шамаларды өлшеу жүйесіне СИ сәйкес қысымның өлшеу бірлігі 1 Па болады.
Достарыңызбен бөлісу: |