Дәріс жоспары



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі237 Kb.
#79938
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сұйықтар мен газдардың механикасы
Асқын өткізгіш материалдар, сұйықтар мен газдардың механикасы

Бернулли теңдеуі бойынша:

  • идеал сұйықтың қозғалысы кезінде геометриялық, пьезометриялық және жылдамдықты арындардың қосындысы (толық гидродинамикалық арын) ағынның барлық көлденең қимасында тұрақты шама
  • Нақты сұйықтар үшін Бернулли теңдеуі :
  • ұзындық мөлшерлігінде болады және жоғалған арын деп аталады, яғни нақты сұйықтың қалыптасқан қозғалысы кезінде геометриялық, пьезометриялық, жылдамдықты және жоғалған арындардың қосындысы ағынның кез-келген қимасындағы әрбір нүктеде тұрақты шама болып табылады.

Сұйықтың ағу режимі - ламинарлық және турбуленттік болып бөлінеді.

  • Ламинарлық режим қозғалыстың төменгі жылдамдығында немесе сұйықтың мәнді тұтқырлығында байқалады, ол паралель қабаттармен бір-бірімен араласпай қозғалады. Ағыстар әртүрлі жылдамдықты болады, бірақ әрбірінің жылдамдығы тұрақты және ағын осіне бойлықты бағытталады. Бұл кезде, құбырға сұйықтың кірер жерінен бірнеше қашықтықта орнықтырылған сұйықтың орташа жылдамдығы максимал шаманың жартысына тең ωорт. = 0,5ωмакс.
  • Турбуленттік режим кезінде сұйықтың бөлшектері үлкен жылдамдықпен әртүрлі бағытта қозғалады, қозғалыс тәртіпсіз, хаостық күйде болады, бөлшектер осьтікте, радиалдықта бағыттарда қозғалады. Арынның әрбір нүктесінде уақыт бойында жылдамдықтың жедел өзгерістері өтеді – жылдамдықтың соғуы. Бірақ ламинарлық қозғалыстағы сияқты, турбуленттіктеде өте жұқа шекаралық қабатта сұйықтың қозғалысы ламинарлық сипатта болады, сондықтан қалыңдығы δ бұл қабат ламинарлы шекаралық қабат деп аталады. Ағынның басқа бөлігінде жылдамдықтардың таралуы ламинарлық қозғалысқа қарағанда бірқалапты болады және ωорт. 0,85ωмакс.

Сұйық қозғалысының режимі сұйықтың орташа жылдамдығына, құбыр диаметріне және сұйықтың кинематикалық тұтқырлығына тәуелді. Бұл шамаларды Рейнольдс критериясы біріктіреді:

  • Қозғалыстың бір түрінен екіншісіне өтуіне Рейнольдс критериясының шамасы Рейнольдс критериясының ауыспалы мәні деп аталады, және түзу құбыр үшін Reау.
  • Түзу құбырдағы Re < 2300 кезіндегі сұйық қозғалысы тұрақты ламинарлы, ал Re>2300 кезінде қозғалыс – турбулентті, дегенмен тұрақты турбуленттік сипатқа ол Re > 10000 болғанда ие болады. Рейнольдс санының 2300< Re < 10000 аралығында орнықпаған турбуленттік немесе өтпелі режим айқындалады.
  • 2300.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет