Дәріс жоспары


Арнадағы газдар механикасының негіздері



бет4/6
Дата06.02.2022
өлшемі237 Kb.
#79938
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сұйықтар мен газдардың механикасы

Арнадағы газдар механикасының негіздері

  • Арнадағы газдар механикасының негіздері
  • Пешті пайдаланудың дұрыс жағдайын жасау үшін, пешке отын мен ауаның қажетті мөлшерін аз шығынмен беру және шыққан газдарды аластау қажет. Газдар мен қыздырылған металл арасындағы жылу алмасу қарқындылығы газдық ағын қозғалысының сипатына тәуелді. Қыздырғыш пештер оттығында пеш газдарының нөлдік немесе өте аз оң қысымы ұсталады. Теріс қысым кезінде суық ауа пешке сорылады да, ол қыздырылатын металдың сууын және тотығуын тудырады. Қысым артықша болған кезде, пеш «газданады», бұл еңбек жағдайын нашарлатады.
  • Гидравликаның – сұйықтар қозғалысы туралы ғылым – көп заңдары пештік газдарға қолданбалы екені теориямен, тәжірибемен белгіленді. Бұл заңдарды жақсы білу және оны орынымен қолдану пештердің және олардың негізгі бөлшектерінің мөлшерлерін анықтауға, газдың тасымалдануына жұмсалатын энергия шығынын есептеуге, металды қыздырудың жылдамдығы мен сапасына әсер етуге мүмкіндік береді. Жеке қабаттарының тығыздық айырмасы әсерінен туындайтын газ қозғалысы еркін немесе табиғи деп аталады. Сыртқы әсерден туындайтын (желдеткіштермен, жанарғылармен, бүріккіштермен және т.б.) қысымдар айырымы әрекетінен газдың қозғалуы еріксіз немесе жасанды деп аталады. Сонымен, пештегі және оның элементтеріндегі газдар қозғалысы отынды жағу шарттарын, жылудың қыздырылатын металға берілуін, жану өнімдерінің аласталуын анықтайды. Бірқатар жағдайларда технологиялық процестердің өтуі газ қозғалысының сипатына тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет