Конституциянықұқықтық қорғау – бұл конституциялық заңдылық режимін сақтауды қамтамасыз ететін заңдық құрамдардың жиынтығы.
Конституцияны және конституциялық құрлысты қорғауда ерекше орынды ҚР Президенті алады, өйткені оның мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлға ретінде Конституцияның мызғымастығының кепілі болып табылады. Конституцияға қатаң жүгіну ол қабылдаған анттың мазмұны.
Конституциялық бақылаудың міндеттерін шешуде және Конституциялық орындалуын қамтамасыз етуде басқа да билік органдары қатысады. ҚР соттары, ҚР прокуратурасы өздеріне берілген өкіметтің шеңберінде.
Дәріс нығайтатын тапсырмалар: Тәуелсіздік және егемендік ұғымдарының арақатынсын ашып көрсету
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)
2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.
3-дәріс. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясы. Дәріс жопары: Конституция ұғымы, белгілері
«Конституция» термині (лат. соnstitutio – бекіту) Ежелгі Римде белгілі болған және императордың әр түрлі бекітулері мен қаулыларын көрсетуде қолданған. Бірақ құл иеленушілік, феодалдық мемлекетте де оның құрылымын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі конституциясы болған жоқ.
Заң ғылымында конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдасты ҚР-ның 1995 жылғы Конституциясының сипаттамасы: рылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.