Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет1/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дәріс 2


Дәріс кешені


1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде.
Дәріс жопары:

  1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні және құқықтық реттеу тәсілдері

  2. Конституциялық құқық-ғылым саласы ретінде

  3. Конституциялық құқық қайнар көздері мен қағидалары

  4. Конституциялық құқық нормалары мен қатынастары

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.


Конституциялық құқық құқықтануда 3 аспект ретінде қарастырылады:
I. құқық саласы
II. ғылым саласы
III. оқу пәні ретінде
Кез келген мемлекетте конституциялық құқық саласы ұлттық құқық жүйесіне кіретін оның құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл құқық саласында басқалар сияқты мемлекет бекітетін және қорғайтын құқықтық нормалардың жүйесінен тұрады. Конституциялық құқығының дербестігі оның өзіндік пәнінің, құқықтық реттеу әдісінің және оның нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен айқындалады.
Конституциялық құқық пәні:
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады.
Демек, пәні дегеніміз Конституциялық құқығының қоғамдағы реттейтін қатынастарын білумен, яғни конституциялық құқығының мақсаты мен анықталады.
Яғни, ол қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Нақтылай келетін болсақ, конституциялық құқығы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында өзінің реттеушілік әрекетін жүзеге асыра алады.
Құқықтық реттеу әдісі:
Конституциялық құқығының басқа құқық салаларынан өзгешеленуіне қосымша белгі ретінде қарастырылады.
Контитуциялық құқықтық реттеу әдісі – қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық құқықтық нормаларды белгілеуге көмектесетін құқықтық әдістермен құралдар жиынтығы.
Құқықтық реттеу әдісі – конституциялық құқықтық нормаларын тікелей белгілейді. Ол қалай, қандай амалдармен қоғамдық қатынастарды реттейді деген сұраққа жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет