Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституциялық құқықтың жалпы принциптері



бет5/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Конституциялық құқықтың жалпы принциптері осы құқық саласының мәні мен мазмұнын білдіретін негізгі бастаулары болып табылады. Жалпы қағидалар бірнеше түрге бөлінеді:
Біріншіден: конституцияларда көрсетілетін жалпы принциптерді атауға болады. “Халық егемендігі” (Франция 3 бап), “Халық өкілдігі”, “Биліктің бөлінуі” (Германия 20 бап), “Тең құқылық” (Италия 3 бап), “Ажырамас құқық” (Германия 18 бап).
Бұл принциптер нақтылы құқықтармен міндеттер туғызбайды және де әрдайым құқықтық санкциялармен қамтамасыз етілмейді, бірақ көптеген конституциялық құқықтық нормалар үшін өте маңызды болып табылады.
Екіншіден: бұл принциптер нақтылы заңдық формада (нысанда) айқындалады да, мемлекет оларды жүзеге асырады. Депутаттар сайлауға тәуелді емес.
“Конституциялық құқықтарды сот арқылы қорғау” (76ж Испания 53). “Мемлекет басшысының жауапқа тартылмауы” (Испания 53 бап).
Конституциялық құықтық институттар:
Конституциялық құқықтық институт - өзара байланысты және біртекті қоғамдық қатынастарды реттей отырып, біршама дербес топтарды құрайтын конституциялық құқық нормаларының белгілі бір жүйесін білдіреді. Олар: адам мен азаматтың мәртебесі, мемлекеттік құрылымның негіздері, басқару түрі, сайлау құқығы, халық өкілдігі, конституциялық бақылау т.б. Бұл институттар ішінде тағы кішігірім институттардан тұрады.
Сонымен, Конституциялық құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет