Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет2/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
I. Міндеттеу әдісі: Мысалы: ҚР-сы Конституциясының 34-1 бабында «Әркім ҚР-ның Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» делінген. Бұл әдіс қатынас субъектілерінің әрбір іс әрекетінің заңға сәйкес болуына қажетті болып табылады.
II. Тыйым салатын әдісі: Мысалы:ҚР-сы Конституциясының 11-1 бабында «Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, ҚР-ның азаматын шет мемлекеттке беруге болмайды» деген. Бұл құқық қорғау мақсатында қолданылатын, яғни, құқықбұзушылықтың алдын алу тәсіл болып табылады.
III. Ерік беру әдісі: Мысалы: ҚР-сы Конституциясының 29-1 бабында «ҚР-сы азаматтары денсаулығын сақтауға құқығы бар», 53-4 бабында «Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының 2/3 дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы» делінген. Аталмыш әдіс адам және азамат және жекелеген мемлекеттік органдар мәртебесін белгілеуге, араларындағы тікелей қарым-қатынастарды реттеуде және мемлекеттік органдар өкілеттілігін белгілеуде қолданылады.
ІҮ.Тану әдісі: Мысалы: ҚР-сы Конституциясының 29-1 бабында «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар» деген. Бұл әдіс обьективті фактордан-адамдардың табиғи құқығын заңдастыру арқылы мемлекеттік қоргаудан туындайды. Осы атап өткен реттеу әдістерін пайдалана отырып конституциялық құқық мемлекеттік билік институттарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
ҚР-ның Конституциялық құқығының қайнар көздері:
Конституциялық құқығының қайнар көздері қатарына мемлекеттік мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді. Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды.
Конституциялық құқықтың бастаулары:
I. нормативтік-құқықтық актілер
IІ. халықаралық және ішкі мемлекеттік келісімдер.
Нормативтік-құқықтық актілерге:- Конституция; Конституциялық заңдар; заңдар; мемлекеттік органдар нормативтік актілері (Президент актілері, Парламент қаулылары мен регламенті, Үкімет актілері, Конституциялық бақылау органдарының актілері)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет