Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


ҚР-да танылған халықаралық келісім шарттар



бет3/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
ҚР-да танылған халықаралық келісім шарттар - Конституцияның проблемаларын реттеген жағдайда негіз бола алады.
Ішкі мемлекеттік келісімдерегер шартты бекіткенде, Конституцияның проблемаларын реттеген жағдайда негіз бола алады.
Қазіргі кезде көптеген Конституцияда халықаралық құқықтың мемлекеттің ішкі құқықтарынан жоғары екендігі көрсетіледі. Бұл экономиканы интернационализациялаудан туындайды.
Конституциялық заңдар жай заңға қарағанда, жоғарғы заң күшіне ие және конституцияны толықтырады.
Жай заңдар - әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты қабылданады.
Конституциялық құқық-ғылым саласы ретінде:
Конституциялық құқық ғылымы барлық құқықтық, заң ғылымдарының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз кезегінде қоғамдық ғылымдар жүйесіне кіреді. Конституциялық құқыққа ғылым ретінде өзінің пәні, деректемесі, оны зерттеудің өзіндік жолы тән. Конституциялық құқық ғылымы салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесідегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеті механизмін, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туралы, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет