Конституциялық құқығының құқық жүйесіндегі орны мен рөлі: Кез келген мемлекеттің құқық жүйесі көптеген салалардан тұрады, солардың ішінде контитуциялық құқық бастаушы орынға ие екендігі белгілі. Демек, конституциялық құқық мемлекет құрылысын, т.б. ең негізгі қоғамдағы қарым қатынастарды белгілеп, реттейтіндігін жоғарыда атап өткенбіз. Сөйтіп, ең негізгі қатынастарды реттеу, белгілеу арқылы басқадай келесі құқық салаларына бағыт бағдар көрсетеді.
Конституциялық құқықтың бастаулары ҚР Парламентімен қабылданған әдеттегі заңдар да болады.
ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздеріне ҚР Президентінің нормативтік қаулылары да жатады: конституциялық заңдық күші бар қаулылар; әдеттегі заң күші бар қаулылар; заңға сәйкес нормативтік актілер. Егер Парламент өзінің заң шығару өкілеттілігін Президентке берген жағдайда онда заңдық күші бар заңдардың күші Парламент қабылдаған заңдардың заңдық күшімен тең. Республикада заң шығаратын орган жұмыс істемеген кезеңде ҚР президенті қабылдаған конституциялық және әдеттегі заңдық күші бар жарлықтар қабылдады. Олар әлі де күшінде және ҚР-сы конституциялық құқықғының деректемесі болады. Оларға Президенттің Парламент туралы, референдум туралы, Конституциялық Кеңес туралы, соттардың дәрежесі туралы және басқа жарлықтары жатады. Конституциялық құқық қайнар көздерінің ішінде ерекше орынды 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация алады. Онда егемендік принципі жарияланып, ол кейіннен ҚР Конституциялық Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 1993, 1995 ж.ж. Қазақстан Республикасының Конституцияларында бекітілген.
Конституциялық құқық жүйесі: Конституциялық құқық оның ішкі құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын, бірігіп әрекет ететін элементтер мен бөлімдерден тұратын
күрделі жүйені құрайды.
Конституциялық құқық жүйесінің негізгі бөлімдері мен элементтері – бұл оның – қағидалары