Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет6/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Конституциялық құқық нормалары:
Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық құқықтық нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатымен мемлекет тарапынан белгіленіп, бекітілген нақтылы құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелері. Олар мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі.
Яғни, Конституциялық құқықтық нормалар бұл мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.
Конституциялық құқық нормалары басқа құқықтық нормалардан ерекшеленеді. Өйткені олар маңызды қоғамдық қатнастарды реттейді және мемлекеттің құқықтық негіздерін қалыптастырады. Нормалар конституцияның баптарында және басқа да негіздерде болады. Көптеген нормалар бір немесе екі элементті болып келеді. Оларда көбінесе санкция немесе гипотеза болмайды.
Конституциялық құқықтық нормаларының бір-бірінен айырмашылықтарын білу оларды жіктеуге негіз болады.
1. Функциональдық рөлі бойынша: реттейтін және қорғайын нормалары. Конституциялық құқықтық нормалар көбіне реттейтін түрде кездеседі. Қорғаушылық нормалар көбіне тиым салу түрінде кездеседі. (Жапония
1 бабы: Мемлекеттің соғыс жүргізу құқығы мақұлданбайды).
2. Субъектіге әсер етуі бойынша: - құқық беруші; міндеттеуш; тиым салушы
3. Реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына қарай: - материалдық; процессуалдық
4. Мерзімдегі қолданылуы бойынша: - тұрақты; уақытша; ерекше
Нормалардың көбі тұрақты болады, өйткені оларды қолдану мерзімі белгіленбейді.
Уақытша - өтпелі ережелерде
Ерекше – төтенше жағдайға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет