Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституциялық құқықтық қатынастар



бет7/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Конституциялық құқықтық қатынастар – Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастардың бір түрі.
Яғни, конституциялық құқық нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
Олардың мазмұнын субъектілердің әлеуметтік мінез-құлықтары құрайды. Бұл қатынастар мемлекеттік билікті жүргізу барысында, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру барысында пайда болады. Нақтылы конституциялық құқықтық қатынастар пайда болуы үшін, олардың конституцияда реттелуі жеткіліксіз. Яғни, кез келген құқықтық қатынастардың туындауы үшін заңды маңызы бар фактілер және S-дің болуы шарт.
Заңи маңызы бар факт – бұл өмірдегі сан-алуан жағдайлар оқиға (су тасқыны,өрт,жер сілкінісі), (жасалған шарт, көркем шығармашылық). Заңи маңызы бар фактілермен қоса конституциялық құқықтық қатынастар қатысушы субьектілер болады. Ол қоғамның құқықтық мүшесі, қоғамдық құрылымдар.
1. Жеке тұлғалар - Қ.Р.азаматы ; азаматтығы жоқ; шетел азаматтары.
2. Мемлекеттік билік органдар – орталық (Президент, Парламент, Үкімет), аумақтық (аумақтық әкім) , жергілікті (жергілікті мемлекеттік басқару органдары).
3. Депутаттар.
4. Адамдар бірлігі – азаматтардың жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша жиналыстары.
5. Азаматтардың ерікті бірлестіктері - саяси партиялар-; қоғамдық бірлестіктер және т.б
Сонымен қатар, осы қатынастардың бағытын көрсететін объектілерді атап өтеміз. Олар: саяси билік, қатынастардың жүріс-тұрысы, мемлекеттік органдардың қызметі, жеке мүліктік және мүліктік емес байлықтар, әр түрлі нысандағы меншік объектілері, жеке адамдардың денсаулықтары, бостандықтары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет