ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясының сипаттамасы: ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады. 1993 жылғы Конституция 1978 жылы Қазақстанның КСР-ның кейбір жағдайларын сақтап қалды, мысалы, жоғарғы кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығару органы болып қалды, бірақ енді барлық билікті қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде кеңестер сақталып қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің 1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды сақтап қалды.
Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды. Қазақстан Республикасы «қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде» жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады.
Конституцияда алғаш рет «зайырлы және унитарлық мемлекет» түсінігі қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместіг көрсетілді.
Конституция қарама-қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып билік тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті.
1993 жылы 10 желтоқсанда республиканың жоғарғы кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттілігін берді. Ол бойынша Конституциялық соттың қаулысына сәйкес Президент әдеттегі заңдармен қатар конституциялық заңдық күші бар қаулылар қабылдау құқығы берілді. Жоғарғы Кеңестің мұндай шешімін Конституцияға енгізілген өзгерту мен толықтыру деп бағалауға болады, өйткені 1993 жылы Конституция мұндай мүмкіндікті қарастырмаған.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезегі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.