ҚР Конституциясы келесі негізгі белгілерге ие болады: 1. Негіз болатын сипат. Конституция аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, ал конституциялық реттеужинақтап қорту сипатта болады. Конституция келесі міндеттерді шешуі қажет:
а) қоғамдық қатынастағы ең бастыны ашу және бекіту;
ә) бұған ең аз мөлшердегі нормаларды пайдалану;
б нормаларда қатынастардың мәнін нақт және айқын көрсету, бағыт беру және олардың одан кейін тәртібтік белгілеу принциптік мазмұнын анықтау
2. Халықтық сипат. ҚР Конституциясы-халықтық шығармашылық қызметінің нәтижесі, оның тікелей қатысуы; ол халықтың мүддесіне қызмет етеді, оның болашаққа мақсатын көрсетеді.
3. Шынайы сипат. ҚР Конституциясы өмір сүріп отырғанқоғамдық қатынасқа сәйкес келеді.
4. Тұрақтылық сипат. Бұл қасиет Конституциялық мағналы өзгеріссіз ұзақ уақыт бойы әрекет етуін көрсетеді.
Заңдық қасиет-бұл конституцияның негізгі заң ретіндегі белгісі, оның материалдық-құқықтық және формалдық-құқықтық жиынтығы.
Конституцияның материалдық-құқықтық қасиеті-бұл конституцияны құқықтық реттеу пәні тұрғысынан сипаттайтын заңдық қасиет.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді: 1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді.
2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатыст жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі.
3. Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді.
Конституцияның өзінде онымен сәйкес қабылдануы тиіс көптеген конституциялық заңдар атанған. Жаңа Конституцияны қабылдау ағымдағы заңдарды мағналы өзгерту және жаңартуды қажет етеді, сондықтан ҚР Конституциясының 91 бабында конституциялық заңдарды бір жыл ішінде, ал басқа Конституцияда аталған заңдарды ол күшіне енген соң 2 жыл ішінде қабылдау қажеттігі көрсетілген.
4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіб бекітілген. Ол туралы төменде айтылады.
Конституция формасы бойынша жазылған және жазылмаған болады. Жазылған Конституция дегеніміз құқықтық нормаларды модификациялайтын және анықталған жүйеде көрсетілген маңызды қоғамдық және мемлекеттік институттарды бекітетін жалпы ортақ заңды айтамыз. Жазылмаған Конституция бірнеше заңдардың, Конституциялық әдеттер мен дәстүрлердің жиынтығы. Мұндай Конституцияның мысалына ағылшын Конституциясы жатады, ол көптеген актілердің жиынтығынан тұрады, 1925 жылы «Еркіндіктің Ұлы хартиясынан» бастап 1937 жылы «Коронаминистрлері туралы Заң» және жазылмаған «жалпы құқық» пен сот прецеденттері негізінде.
Оларда көрсетілген өзгертулер тәртібіне байланысты икемді, қатаң және өте қатаң Конституциясының түрлері болады.
Икемді Конституция – бұл белгілі бір тәртібте өзгертуге болатын конституциялар, яғни әдеттегі заңдарды қабылдау жолымен.
Қатаң конституция – бұл тек күрделі процедура жолымен өзгертуге болатын конституциялар. Мұнда парламент мүшелерінің көпшілік дауыс талап етіледі.
Ерекше қатаң конституциялар – бұл өзгерту процедурасында тек түзету енгізу сатысын ғана қарастырмайды, сонымен қатар конституциялық процесс үшін қосымша, спецификалық референдум жолымен жүзеге асырылатын ратификация сатысымен немесе парламентте екі рет вотуммен (дауыс беру) немесе федерация субъектілерінің түзетулер бекіту жолымен қабылдаған конституциялар.
ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.
ҚР-ның әрекет етіп отырған Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда болған республикалық референдумда қабылданған және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібінің ерекшелігін қарастырған.
Конституциялық құрлыстың негізіне жататын Республиканың біртұтастығы территориялық тұтастығы мен басқару формасы өзгертілмейді.