Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Қазақстан Республикасында демократия идеологиялық және саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады



бет20/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Қазақстан Республикасында демократия идеологиялық және саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Саяси әр алуандылық (пиюрализм) – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін барлық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси процеске қатысудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын саяси ойлар мен саяси әрекеттердің еркіндігі және көп партияның боуы, сондай-ақ азаматтардың кез келген партияға кіру немесе еш қайсысына кірмеу құқығы.
Саяси плюрализм принципін жүзеге асырудың маңызды шарты саяси плюрализм институцианалдық негізін құрайтын және саяси процеске қатысатын саяси партиялардың, басқа қоғамдық ұйымдар мен жаппай қозғалыстардың құқықтық дәрежесін айқындау болып табылады.
Саяси плюрализмнің институционалдық негізінде маңызды орындардың бірін өз мүшелерінің саяси еркін көрсететін және азаматтық қоғамның саяси еркін көрсетуге әсер ететін саяси партиялар алады.
Саяси плюрализм – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін кез-келген партияның құрамына кіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ешқайсысына кірмей, партиясыз болу. Ол идеологиялық біркелкілікпен сыйымсыз және тек идеологиялық алуан түрлілік жағдайында жүзеге аса алады.
Идеологиялық алуан түрлілік (плюрализм) – бұл идеологиялық және рухани құндылықтарды таңдау еркіндігі және қоғамда мемлкеттік немесе міндетті идеологияны бекітуге тиім салу. Бұл саяси плюрализмді жүзеге асыру шарты болып табылады.
1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы-осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз ретінде маңызы жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.
Сонымен бірге Декларацияда: «Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекетті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады» деп алғаш рет ұлттық мемлекеттік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың Қазақ КСР-ның мемлекеттілігініңең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет