Өкілді демократия – бұл өзінің сайланушы өкілетті өкілдері арқылы халық билігін жүзеге асыру.
Сайланушы өкілдік халықпен сайланған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін басқару органдарын құрады.
Тікелей демократия – бұл референдум жолымен, сайлауға, жиналыстарға тағы басқаларға қатысу жолымен халықтың немесе халықтың қандай-да бір тобының еркін тікелей көрсету формасы.
Референдум – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешу бүкіл халықтық дауыс беру. Республикалық референдуммен қабылданған шешімдер жоғарғы заңдық күшке ие, қандай да бір мақұлдауды қажет етпейді және Қазақстанның бүкіл аумағында қолдануда міндетті.
Сайлау – бұл әр бір мандатқа 2 немесе одан көп кандидаттар үміткер болу шартымен толық құқықты тұлғалардың дауыс беру жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік орган дарды немесе жергілікті өзін басқару органдарын қалыптастыру процедурасы.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау еркін жүзеге асырылады жәнеқұпия дауыс беру жолымен жалпы тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекетті демократиялық ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі билікті бөлу принципі болып табылады.
Өзінің классикалық түрінде билікті бөлу теориясының Дж. Локк пен Ш. Монтескье құрған. Оның мәні мынада, азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктің әр түрлі функциялары – заң шығарушы, атқарушы, сот-әр түрлі органдармен жүзеге асырылуы қажет және олар бір-бірінен тәуелсіз бір бірін тойтарады.
Бірақ еркіндікті қамтамасыз ету үшін тек бір билікті бірнеше органдардың арасында бөлу жеткіліксіз. Бұл органдар біреуі екіншісінен жоғары болмау үшін өзара теңдікте болуы қажет және олардың әр қайсысы біреуінің жекелігіне екіншісі тарапынан қол сұғушылық кепілдеме болуы қажет. Мұндай жолмен ұйымдасқан олар бір-біріне бағынбайды, бірақ бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.
Осылайша, билікті бөлу-бұл ортақ мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу; құрылымдық-қаржылық дербестік және бір биліктің екінші биліктің үстінен билігін болдырмай және олардың тиімділігі өзара әсерін қамтамасыз ету өкілеттілігі берілген әр мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі болуы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің брлігі мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатын Президент қамтамасыз етеді. Осылайша, ҚР Президенті Барлық билік тармақтарының үстінде тұрады, бірақ өзінің өкілеттілігі бойынша атқару билігіне басады.