Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет22/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Дәріс нығайтатын тапсырмалар:

  1. Демокртияның жүзеге асырылуының конституциялық негіздері

  2. Халық билігінің демокртиялық негізі

Бақылау сұрақтары:

    1. Демократия және билік бөлінісі

    2. Саяси плюрализмге талдау жасау

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)

2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.


5-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы
Дәріс жопары:

  1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының ұғымы

  2. Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының конституциялық негізі

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің конституциялық негізі

Конституциялық құрлыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын реттеуде құқықтау нормалардың ішінде жетекші орынды ҚР Конституциялық нормалары алады. Бұл Конституцияның жоғарғы заңдық күшке ие және ағымдағы заңдардың базасы болатындығынан туындайды.
Конституциялық мемлекеттің негізін мемлкеттің адам, оның өмірін, құқығы мен еркіндігін ең жоғарғы құндылық деп тануда құрайды (1 баб). Мұндай негізге жеке меншікті тану және қорғау, сондай-ақ идеологиялық және саяси көп түрлілікті рухани көп түрлілік принципімен толықтыратын зайырлы мемлекеттілік те жатады.
Конституциялық құрлыс негізінің ішінде унитарлық, территориялық тұтастық және басқарудың президенттік формасы да бар. Қазақ мемлекеттілігінің негізі болып табылғандықтан, олар өзгертілмейді.
Конституциялық құрлыс негізін конституциялық формада нығайтудың маңызы зор. Ол бұл негіздеоді Қазақстан халқының атынан жариялауды қамтамасыз етеді. Конституцияның преамбуласы бұл негіздерді құруда халықтың егеменді құқығын көрсетеді. Мұнымен олардың заңдық мағнасы, құқықтық қатынастың барлық субъектілері үшін жоғарылығы және міндеттілігі көрсетіледі, қоғамдық қатынастың барлық жүйелерінің құқықтық реттелуіне белсенді әсер етуін қамтамасыз етеді.
Сондықтан Конституцияда бекітілген конституциялық құрлыс негіздері мемлекеттілік пен Қазақстан Республикасы қоғамдық өмірінің құқықтық реттелуінің фундаментін қалыптастырады.
Конституциялық құрлысты конституциялық бекітудің арқасында оның жүйесіне материалдық, саяси, әлеуметтікпен қатар құқықтық кепілдер де кіреді. Олардың жүзеге асуы мемлекетпен қамтамасыз етілуі керек.
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.
Конституция Қазақстанда мемлекеттік биліктің бірден-бірі өзі халық деп анықтайды.
«Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен теңестіріледі және адамдар тобының белгілі бір мемлекетке тиістілігін анықтайды. Халық мемлекеттің құқықтық субстратын құрайды.
Билік біреуді өзіне бағындыру мүмкіндігін көрсетеді, өзінің еркіне басқаларды бағындырады. Мемлекеттің пайда болуымен, мемлекеттің маңызды бір белгілерінің бірі мемлекеттік билік те пайда болады. Мемлекеттік биліктің қоғамның барлық мүшелерін өзіне бағындырудың негізгі элементі жалпы ерік пен күш қабілеті бар. Мемлекеттік билік мемлекеттің егемендігін сипаттайды. Мемлекеттік егемендік – бұл ел ішіндегі мемлекеттік биліктің жоғарылығы (мемлекет территориядағы заң шығару, тақару және сот билігінің толық жүзеге асуы) және оның халықаралық қатынастар сферасында шет ел мемлекеттерінің билігінен тәуелсіз болуы. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы және тәуелсіздігінен басқа, мемлекеттік егемендік оның бірлігінен де көрінеді.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикада ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы Президентке, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне беріледі. Үкімет халық атынан сөйлей алмайды және оның тек мемлекет атынан сөйлеу құқығы бар.
Осылайша халық еркін көрсету формасы бойынша өкілетті және тікелей демократия деп бөлінеді.
Өкілетті демократия – бұл өзінің сайланушы өкілетті өкілдері арқылы халық билігін жүзеге асыру.
Сайланушы өкілдік халықпен сайланған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін басқару органдарын құрады.
Өкілетті емес демократия – бұл референдум жолымен, сайлауға, жиналыстарға тағы басқаларға қатысу жолымен халықтың немесе халықтың қандай-да бір тобының еркін тікелей көрсету формасы.
Референдум – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешу бүкіл халықтық дауыс беру. Республикалық референдуммен қабылданған шешімдер жоғарғы заңдық күшке ие, қандай да бір мақұлдауды қажет етпейді және Қазақстанның бүкіл аумағында қолдануда міндетті.
Сайлау – бұл әр бір мандатқа 2 немесе одан көп кандидаттар үміткер болу шартымен толық құқықты тұлғалардың дауыс беру жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік орган дарды немесе жергілікті өзін басқару органдарын қалыптастыру процедурасы.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау еркін жүзеге асырылады жәнеқұпия дауыс беру жолымен жалпы тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекетті демократиялық ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі билікті бөлу принципі болып табылады.
Өзінің классикалық түрінде билікті бөлу теориясының Дж. Локк пен Ш. Монтескье құрған. Оның мәні мынада, азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктің әр түрлі функциялары – заң шығарушы, атқарушы, сот-әр түрлі органдармен жүзеге асырылуы қажет және олар бір-бірінен тәуелсіз бір бірін тойтарады.
Бірақ еркіндікті қамтамасыз ету үшін тек бір билікті бірнеше органдардың арасында бөлу жеткіліксіз. Бұл органдар біреуі екіншісінен жоғары болмау үшін өзара теңдікте болуы қажет және олардың әр қайсысы біреуінің жекелігіне екіншісі тарапынан қол сұғушылық кепілдеме болуы қажет. Мұндай жолмен ұйымдасқан олар бір-біріне бағынбайды, бірақ бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.
Осылайша, билікті бөлу-бұл ортақ мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу; құрылымдық-қаржылық дербестік және бір биліктің екінші биліктің үстінен билігін болдырмай және олардың тиімділігі өзара әсерін қамтамасыз ету өкілеттілігі берілген әр мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі болуы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің брлігі мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатын Президент қамтамасыз етеді. Осылайша, ҚР Президенті Барлық билік тармақтарының үстінде тұрады, бірақ өзінің өкілеттілігі бойынша атқару билігіне басады.
Қазақстан Республикасында демократия идеологиялық және саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Саяси әр алуандылық (пиюрализм) – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін барлық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси процеске қатысудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын саяси ойлар мен саяси әрекеттердің еркіндігі және көп партияның боуы, сондай-ақ азаматтардың кез келген партияға кіру немесе еш қайсысына кірмеу құқығы.
Саяси плюрализм принципін жүзеге асырудың маңызды шарты саяси плюрализм институцианалдық негізін құрайтын және саяси процеске қатысатын саяси партиялардың, басқа қоғамдық ұйымдар мен жаппай қозғалыстардың құқықтық дәрежесін айқындау болып табылады.
Саяси плюрализмнің институционалдық негізінде маңызды орындардың бірін өз мүшелерінің саяси еркін көрсететін және азаматтық қоғамның саяси еркін көрсетуге әсер ететін саяси партиялар алады.
Саяси плюрализм – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін кез-келген партияның құрамына кіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ешқайсысына кірмей, партиясыз болу. Ол идеологиялық біркелкілікпен сыйымсыз және тек идеологиялық алуан түрлілік жағдайында жүзеге аса алады.
Идеологиялық алуан түрлілік (плюрализм) – бұл идеологиялық және рухани құндылықтарды таңдау еркіндігі және қоғамда мемлкеттік немесе міндетті идеологияны бекітуге тиім салу. Бұл саяси плюрализмді жүзеге асыру шарты болып табылады.
а) Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау.
Құқықтық мемлекет ең алдымен өзін барлығы түгелімен мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар бағынуға міндетті онда әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеуімен сипатталынады.
Құқықтық мемлекет – бұл құқықтық мемлекет идеясын қолайлы іске асыру болып табылатын конституциялық мемлекет Конституциялық құрлыстың негізгі принципі, қоғамдық дамудың маңызды бағыттары жоғарғы заң – конституциялық деңгейде бекітілетіндігінде. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқылық мүшесі бола отырып ҚР әрекет ететін құқықтық құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның халықаралық келісімдерін де таниды. Сондықтан, егер заңда қарастырылғаннан гөрі ҚР халықаралық келісімінде басқа тәртіб көрсетілсе, онда халықаралық келісім тәртібі қабылданады.
ҚР Конституциясына сәйкес азаматтардың еркіндігі мен міндеттеріне қатысты ресми басылған нормативтік құқықтық актілер, құқықтар олардың қолданылуында міндетті болады.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі қажет.
Демократиялық мемлекетте құқық нормасы барлық азаматтар үшін тең болуы қажет, сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының алдында оның барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет есептелінеді.
ҚР Конституциясына сәйкес барлық азаматтар заң мен сот алдында тең, ешкім өзінің шығу тегіне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, жынысына, ұлтына, нәсіліне, дінге қатысына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға байланысты қандай да бір шектеуге ұшырау.
Құқықтық мемлекет тұлға мүддесін тимді жүзеге асыру үшін құрал ретінде шамаланылады құқықтық мемлекеттіліктің мақсаты – тұлға мен қоғамның қажеттілігіне қызмет ету. Осыдан – тұлға мен мемлекет арасындағы қатынаста тұлғаның жоғарылығы қажет.
Бірақ құқықтық мемлекеттің өмір сүруінің мағнасы тек адамды мемлекеттік талап етуден қорғау ғана емес. Құқықтық мемлекет принципінің 2 мақсаты бар: мемлекет қызметін белгілі бір деңгейде шектеу және қамтамасыз ету арқылы адам құқығы мен еркіндігін кепілдеу, оның әділеттілігі мен құқығын қорғау. Нәтижесінде құқықтық мемлекет азаматтардың субъективтік құқығы мен мемлекеттік қызметтің объективтік тәртібін байланыстыруды көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің маңызды бір ерекшелік сипаты азаматтардың тап болуы мүмкін кез-келген жағдайға шамалана жазылған заң процедурасының болуы қажет.
Унитарлық мемлекет. ҚР Конституциясы унитарлықты тек елдің мемлекеттік құрылым формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның конституциялық құрлысының негізге алынатын негіздерінің бірі ретінде де қарастырылады. Унитарлық мемлекет (франц. unitaire, лат. unitas - бірлік)- деп мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық мемлекетік құрылым формасын айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірліктер аймақтарға бөлінеді: область, аудан, ауылдық (селолық) округ және елді мекендер.
ҚР мемлекеттік құрлымы округтер, өлке, республика, штаттар, контон және тағы басқалар түріндегі қандай да бір мемлекеттік-аумақтық немесе ұлттық аумақтық автономиялардың Қазақстан аумағында құрылу мүмкіндігін қарастырмайды.
Унитаризм принципіне негізделген ҚР мемлекеттік құрылымы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етеді.
ҚР унитарлық ең алдымен ұлт аралық қатынастың мемлекеттік ұйымының формасы ретінде және Қазақ халықтарының бірлігінің көрінісіретінде қызмет етеді.
Өзінің ұлттық мемлекеттігінің формасын таңдауда еркін көңіл білдіру ҚР барлық халқының егемендігін қамтамасыз етеді.
ҚР унитарлық Қазақстандағы барлық көп ұлтты халықтың еркін дамуына кедергі келтірмейді, сонымен қатар қандай да бір ұлттардың, халықтардың көп тұратын аудандарында да еркін дамуға кедергі келтірмейді және мемлекеттік құрлыста тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы барлық ұлттар мен халықтардың еркін дамуы мемлекеттің ұлттық тілдерді дамытудағы қамқорлығы арқылы қамтамасыз етіледі. Әр бір азаматтың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас тілін еркін таңдауға, тәрбиеге, оқуға және шығармашылыққа құқығы танылған.
Унитаризм мемлекеттік биліктің жоғары деңгейде орталықтанғанын және мемлекетті басқарудағы тиімділікті көрсетеді. Унитаризм келесі принциптермен сипатталынады:
а) ҚР аумақтық және мемлекеттік тұтастығы. Қазақстан Республикасы – мемлекеттік биліктің көмегімен ортақ мақсатқа жету үшін құрылған біріңғай мемлекет. Бұл ҚР мемлекеттік тұтастығында көрсетілетін конституциялық құқық субъектілерінің мемлекеттік, саяси және әлеуметтік-экономикалық бірлігіне ұмытылуды болжайды. Осы принципке сәйкес ешқандай мемлекеттік орган мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған шешімдер қабылдай алмайды және осы мақсаттағы қоғамдық ұйымдар құруға тиім салады. Тұтастықтың күші бойынша әкімшілік-аумақтық құрылымдардың арасында кедендік шекара құруға, салықтар алуға және тауарлардың қаржы құралдарының еркін өтуіне басқа да кедергілер жасауға жол берілмейді. Сондай-ақ аумақтық тұтастық мемлекеттің бүкіл аумағында Қазақстан Конституциясының және басқа заңдардың, Президент жарлықтары, Үкімет қаулыларының жоғарылығын және жергілікті билік органдарының Қазақстан мемлекетінің құрамынан шығу құқығының жоқтығын, өзінің құқықтық жағдайын бір жақты тәртібте өзгерте алмайтындығын көрсетеді.
ә) Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі мемлекеттік тұтастық пен ҚР егемендігін көрсетудің кепілі болып табылады.
Сонымен бірге бұл бірлік мемлекеттің егемендігінің маңызды бір көрсетуі болып табылады. Унитарлық мемлекетте мемлекеттік билік жүйесі бірлігі жоғарғы мемлекеттік билікті құрайтын ортақ органдар жүйесінің болуымен көрсетіледі: Президент, Парламент, Жоғарғы Сот және Үкімет Конституция әр мемлекеттік билік органдары үшін, оның шегінен шығуға құқығы жоқ өкілеттілік шегін, сондай-ақ билікті бөлу принципіне негізделген олардың өзара қарым-қатынас сипатын бекітеді.
Мемлекеттік билікті өзінің өкілеттілік шеңберінде жергілікті органдар ортақ жүйенің негізгі бөлігін құрай отырып жүзеге асырады. Конституция мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының өкілеттік шеңберін анықтайды. Ол өкілеттілік бойынша олар жергілікті деңгейдегі сұрақтарды шешеді. Сонымен қатар оларға жоғарғы органдардың өкілеттілігіне араласуға және унитаризм принципін бұзуға жол бермейді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының аумақтық тұрақтық сұрағын шешу құқығы жоқ.
б) Заң шығару билігінің ортақ жүйесі – кез-келген мемлекеттің өмір сүруіндегі міндетті шарт. ҚР ұлттық заң жүйесін қалыптастырудың бірнеше кезеңдері бар. Бірінші кезеңінде Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін бекіткен жаңа заң актілерімен қатар, республика аумағында одақтық заңдар да әрекет етті. 1993 жылғы Конституциясыда одақтық актілердің күші туралы арнайы құқықтық норма болды. Онда былай делінді, КСРО-ның заңдары мен басқа да нормативтік актілері Қазақстан Республикасының аумағында республикада сәйкес заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылданғанға дейін, ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келмейтін бөлімдерінде ғана қолданылады. (өтпелі жағдайлар, 7 бап)
1995 жылы Конституцияны қабылдаумен ұлттық заң жүйесінің қалыптасуының 2 кезеңі басталады. Одақтық актілер өзінің өзектілігімен мағнасын жойды. Саяси және әлеуметтік өмір жағдайының мағналы өзгеруіне және жаңа заңдарды қабылдауға байланысты Конституцияда одақтық нормативтік актілерді көрсету қажеттілігі жойылды. Бірақта ұлттық заң жүйесінің толық қалыптасуына дейін КСРО-ның кейбір құқықтық актілері әлі қолданылады. Бұл жүйенің даму процессінде ескірген актілер мен нормалар өзгертіледі және жетілгендермен ауыстырылады.
ҚР-да Федеративтік мемлекеттерге қарағанда ұлттық заң жүйесі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ортақ жүйесімен құрылады. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен заң актілері қабылданылмайды.
в) Бір азаматтық та унитарлық мемлекеттің ерекше белгісі болып табылады. Қазақ КСР-нің КСРО құрамында болған кезінде қос азаматтық институты болды. Ол бойынша Қазақ КСР-ның азаматы бір уақытта КСРО азаматы бола отырып, кез-келген басқа республиканың азаматы бола алды. Нәтижесінде КСРО құлағаннан кейін басқа республикаларда туыстары бар, немесе тарихи тамыры бар көптеген азаматтардың алдында қос азаматтық институтын бекіту сұрағы тұрды. Мұны үшінші елде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының да өкілдері талап етті. Бірақ қос азаматтық, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ешқандай мемлекеттермен танылмайды және тек федеративтік мемлекеттерде немесе отарлық нормалар өмір сүрген жағдайда пайда болады.
г) Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.
Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.
Әлеуметтік мемлекеттің ерекше сипатын, оның адамның еркін дамуы мен лайықты өмірін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатынан көруге болады.
Әлеуметтік саясат қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен, азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен, өмір түрін жоғары көтерумен байланысты әлеуметтік топтардың, қоғам мен оның мүшелерінің арасындағы қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігін көрсетеді.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты Адам мен қоғамның жақсы тұрмысына жету, тұлғаның дамуы үшін тең және әділетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік дамуының негізгі мақсаты ҚР әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын анықтаудан тұрады. Олардың қатарына кіретіндер: еркін еңбек ету құқығы, оның қауіпсіздігі, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау; денсаулық қорғау құқығы; кепілденілген минималдық еңбек ақы, зейнетақы мөлшері мен жасына мүгедектігіне, асыраушысын жоғалту бойынша әлеуметтік қамтамасыз етуді бекіту; мемлекетпен неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалықты қорғау.
д) Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.
Қазіргі әлемде мемлекеттік деп танылған ресми діні заңдастырылған мемлекеттер де бар. Мемлекеттік (ресми) дін деп шіркеуді мемлекеттің ресми ұйымының бір бөлігі деп тануды айтады. Бұл мемлекеттің шіркеуді қаржыландыруынан, дін қызметкерін тағайындауға қатысуынан, секталарды қолдаудан шіркеудің ішкі қызметін реттеуден және шіркеудің некені, тууды, өлімді тіркеу сияқты кейбір мемлекеттік фунцияларды жүзеге асыруын тануынан байқалады. Мысалы, Англияда мұндай дін англикан, Израилда-иудей діні және тағы басқалар болып табылады. Кейбір елдерде дін мемлекеттік және әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен қызмет етуіне әсер етеді. Исламдық Иран Республикасы және басқа ислам мемлекеттері діни канондардың үстемдігін жариялады, ал оның мемлекеттік механизмі ислам құрылымымен терең араласқан және халықтың рухани көсемінен тәуелді.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.
Азаматтар қандай дінге сенсе де саяси құқықтарды пайдалана алады. Құдайға сенетіндер де діни қызметкерлер де мемлекеттік органдарға азамат ретінде сайлана алады.
Конституциялық құрлысты күштеп өзгертуге Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекетке қауіп төндіруге, діни қақтығыстарды тудыруға бағытталған әрекеттері немесе мақсаттары бар діни ұйымдарды құруға тиім салынады.
Мемлекеттің діннен бөлінгендігі мемлекеттік оқу орындарында діни қағидалармен оқу жүргізуге тиім салынғандығынан көрінеді.
Сонымен қатар мемлекет діни ұйымдардың заңдық қызметін қорғайды.
Діни ұйымдардың уставтары ҚР юстиция органдарында тіркеледі. Діни ұйымның уставын тіркеген мемлекеттік ұйым олардың өздерінің уставтарын орындауына бақылау жүргізіп отырады. Бұл орган қабылданған шешімдерді талап етуге, діни ұйымдардың өткізетін шараларына қатысу үшін өздерінің өкілдерін жіберуге, уставтың орындалуымен байланысты сұрақтар бойынша оның мүшелерінен түсінік алуға құқығы бар.
Уставтық құжаттардың жағдайын және тіркеу шартын бұзған діни ұйымдардың қызметі «Дінге сену еркіндігі туралы» Заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сот шешімі бойынша діни ұйымдардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.
Мемлекеттің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды қаржыландырмауынан да көруге болады.
Заң алдындағы діни ұйымдардың теңдігі ешқандай дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты пайдаланбайтындығынан және басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге тартылмайтындығынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет