Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен бостандықтары – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.
Азаматтық құқығы – бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.
ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.
Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.
Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады. Олар:
- жеке және азаматтық;
- саяси;
- әлеуметтік және экономикалық;
- мәдени және рухани құқықтар мен бостандықтар болып табылады.
1. Жеке бас құқығы мен бостандықтары іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.
2. Саяси құқық пен бостандықтары – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің бір тобы.
Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап).
Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен еркіндігінің ерекше тобын әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар құрайды. Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.
Егер адам құқықтары мен бостандықтарының Ата заңымызда қолданылатын конституциялық классификациясы туралы айтатын болсақ, олардың төмендегідей жіктелуін көреміз:
1)адам және азамат құқықтары мен бостандықтары;
2)азаматтық,саяси жэне әлеуметтік- экономикалық құқықтар мен
бостандықтар.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардыңтоптастылыуының ең көп кездесетін түрі тұлғаның субъектілігіне қатысты. Ол тұлғаның мемлекетпен адам немесе оның азаматы ретінде қарым-қатынасқа түсуі арқылы айқындалады. Біздің мемлекетімізде бұндай бөлініс орын алмаған. Қазақстандық ғалым Ғ.С.Сапарғалиев «азамат құқықтары» мен «адам құқықтары» арасындағы айырмашылық, мемлекет азаматтарымен пайда болатын ерекше қатынастарына сай оларға өзгелерге қарағанда кең көлемді құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етіп, өзгелерге қарағанда қосымша міндеттерді жүктейді» . Сонымен қатар ол «адам құқықтары» мен «азамат құқықтары» үғымдары бір-біріме өте тығыз байланысты екенін себебі, азамат дегеніміз ең алдымен адам болып келеді, сондықтан азаматқа қатысы бар нәрсе адамға да тән болады деп есептейді .
Ресейлік ғалымдар тұлғаны адам және азамат деп бөлуді мемлекет және азаматтық қоғамның шектерін айқын бөлу үшін керек деп санайды. Себебі, адамды тек мемлекетпен емес сонымен қатар оның тумысынан берілген және бөлінбейтін құқықтарының көбі дерлік қоғамда орын алады. Мемлекет осылайша аталған қатынастарға тек өзгелердің ғана емес сонымен қатар өзінің де араласуынан қорғайды. Осылардың барлығын айта кете азамат құқықтары тұлғаның мемлекетпен қатынасын да қамтиды.
Бұл қатынаста ол мемлекет тарапынан оның құқықтарын қорғауды ғана емес, белсенді түрде қамтамасыз етуді де көздейді. Бұнда азамат статусы оның мемлекетпен ерекше байланысы, яғни, азаматтылық институты арқылы көрінеді.
Адам және азамат құқықтары арасында В.Е.Чиркиннің көзқарасы бойынша, тек философиялық, жалпытеориялық айырмашылықтар орын алуы мүмкін[50]. Себебі, адам құқықтары дәл азамат құқықтары сияқты конституцияда өз көрінісін тауып бекітілген. Біз бұл көзқарасымыз бойынша, бұл пікір аса орынды емес. Себебі, барлық азамат - адам, Бірақ барлық адам бірдей азамат бола бермейді.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде адам құқықтары мен азамат құқықтары ара қатынасы жағдай сол мемлекеттің конституциясын құрушыларының субъективтік таңдауына байланысты деп айтуға болады. Расында да, бір құқық бірінші конституцияда адам құқығы деп бекітілсе, екіншісінде азамат құқығы ретінде көрініс табуы мүмкін. Бірақ индивидтің бірқатар құқықтары конституцияларды ұқсас болып келеді. Мысалы, өмір сүру құқығы барлық конституцияларда адам құқығы ретінде бекітілген.