Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Шетел азаматтарымен мен азаматтығы жоқ тұлғалардың конституциялық құқықтық мәртебелері



бет26/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Шетел азаматтарымен мен азаматтығы жоқ тұлғалардың конституциялық құқықтық мәртебелері:
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесi, олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгiленген құқықтардың, бостандықтар мен мiндеттердiң барлық кешенiне ие болуын көздейдi. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн өзге, шектеулi конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл адамдар азаматтарға қолданылатын құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады (Конституцияның 12-бабының 3-және 4-тармақтары, 14-баптың 1-тармағы). Мәселен, Конституция Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар Республика Президентi, Республика Парламентi және мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттiк қызмет және судьялар лауазымдарына үмiткер болмауға тиiс, мемлекеттi басқаруға қатыса алмайды, белсендi және бәсең сайлау құқығына ие бола алмайды және республикалық референдумға қатыса алмайды деп бiржақты белгiлейдi, өйткенi бұл аталған құқықтар мен бостандықтар тек Республика азаматтарына ғана таралады (41-баптың, 2-тармағының, 51-баптың 4-тармағының, 79-баптың 3-тармағының, 86-баптың 3-тармағының және 33-баптың нормалары). Бұл сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарының ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулысында келтiрiлген ұйымдармен де расталады, ол қаулыда "Парламент депутаты Қазақстан азаматтығын жоғалтуымен немесе одан шығуымен, бұл адам, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана берiлетiн, Конституцияның 33-бабымен көзделген мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, оның органдарын сайлауға және оларға сайлануға саяси құқықтарын жоғалтады", - делiнген.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігін заңды түрде дәлелдей алатын адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып табылады.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігінің дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет