Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет23/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Дәріс нығайтатын тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекет нысанының элементтерін талдау

  2. Қазақстан Республикасындағы халық билігінің жүзеге асырылуының нысандарын көрсету.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздерін схема түрінде көрсету

  2. Билік тармақтарының конституциялық негізін анықтау

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)

2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.


6-дәріс. Жеке тұлғалардың конституциялық құқықтық мәртебесі.
Дәріс жопары:

  1. Жеке тұлға ұғымы, түрлері.

  2. Құқықтық мәртебе түсінігі.

  3. Құқықтық кепілдік ұғымы, түрлері.

  4. Құқықтармен бостандықтар түрлері

  5. ҚР-сы азаматтарының негізгі міндеттері.

Тұлғаның құқықтық мәртебесі - бұл әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқық, бостандық және міндеттерінің жиынтығымен анықталады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі бүкіл құқық пен бостандықтың аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен бостандығын қамтиды.
Неліктен құқықтың бір ғана бөлігі конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.
Ол құқық пен бостандықтың адам мен қоғам үшін мәні орасан зор. Яғни Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен бостандықтарды бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен бостандықтар мемлекетпен танылып қана қоймайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.
ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.
Негізгі құқықтар мен бостандықтардың ерекше заңдық қасиет бар. Олар:
а) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;
б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен бостандықтар бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен бостандықтар тұлғаның әртүрлі мәртебені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т.б.)
в) негізгі құқық, бостандықтар мен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдей болуы. Олар тең және барлығына ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.
г) ҚР азаматтарының негізгі бостандықтары мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;
д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен бостандықтарын азамат өзінің ерік білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.
е) негізгі құқықтар мен бостандықтар оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.
ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі – Конституцияда жазылған.
Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтың негізгі құқығы мен бостандықтарын сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет