Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет31/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

ҚР заңы бойынша азаматтықты алу:
а) тууы бойынша (филиация);
б) азаматтыққа алыну нәтижесінде (натурализация);
в) ҚР халықаралық келісімінде қарастырылған негіздер бойынша;
г) заңда қарастырылған басқа да негіздер бойынша.
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де ҚР-ның азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала ҚР-ның азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де ҚР-нан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде ҚР-ның азаматтығында болса, егер бала: 1) Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала ҚР-ның азаматы болып табылады. бала өмірге келген кезде ата-аналарының біреуі ҚР-ның азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.
Шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін әдеттегі шарт олардың өтініш бергенге дейін ҚР-да 5 жыл тұруы немесе республика азаматымен некеде (3 жыл) болуы болып табылады.
ҚР азаматтығының тоқтатылуына азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады.
Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату.
ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін.
ҚР азаматтығын жоғалту:
а) адамдардың, ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарында істейтіндер;
б) егер Республика азаматтығы теріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
в) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның арнайы жағдайлары ата-анасының азаматтығы өзгерген кезде, асырап алған кезде әр түрлі өмірлік жағдайда баланың мүддесін толық ескере отырып баланың азаматтығын реттеуге арналған. Мұндағы басты принциптер: отбасының барлық мүшелеріне бірдей азаматтықты қамтамасыз етуге тырысу; баланың қалауын ескеру; балада азаматтықтың болмауына жол бермеу; мүмкін жағдайда баланың мүддесіне сай Қазақстандық азаматтықты сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет